Жиналғандар шаһардың алдағы дамуын жан-жақты талқылады.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев шаһардың зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Басқасуға мәдениет және өнер қайраткерлері, жазушылар мен ғалымдар, суретшілер мен қолөнершілер қатысты.
Жиналғандар өнер мен мәдениеттің өлкесі Алматының алдағы дамуын жан-жақты талқылады. Ұсыныстарды жіті тыңдаған әкім қаузалған мәселенің бәрін назарға алуға уәде етті.
«Қордаланып қалған мәселелерді осы жылдың аяғына дейін шешеміз. Ең алдымен қаланы нығайту жұмыстарына мән беріп, экономиканы дұрыстап алуымыз керек. Әйтпеген жағдайда сіздер айтқан музей-көрмелерді аша алмаймыз. Кіші және орта бизнес болсын, қаланың экономикасы болсын, біршама дамып, аяғынан тұрып алғаны жөн», - деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.
Ал жиналғандар қауымы өз кезегінде шаһар басшысының қызметіне табыс тілеп, Алматының дамуы үшін аянбай еңбек етуге дайын екенін жеткізді.
«Қаланың әдеби-мәдени мәселелерін ашып көрсетті. Бұл жерде өзінің жеке басының, күйкі тіршілігін сөз қылған адам жоқ. Қаңтар оқиғасынан кейінгі Алматы қаласын қалпына келтіру жай-күйі басты орында тұр», - деді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.
Дереккөз: Almaty.tv.