19.09.2023

Алматыда әлемдегі ең үлкен Рубик текшелерінің мозаикасы орнатылды.

Биылғы жылы мозаика 5040 текшеден жиналды, осылайша Гиннестің рекордтар кітабына енді. Әлемдік рекорд ресми түрде рекордтар кітабының өкілі және Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен тіркелді. Екі жақты мозаика Алматы қаласы күнін мерекелеу кезінде жиналды.

Бұрын текшесінен мозаика жинау рекорды Ресейге тиесілі және 2020 жылы орнатылған. Онда 4800 Рубик текшелері қолданылды.

Мозаиканың авторы Қуаныш Керімқұлов пен Жеңіс Айтжанов. Иллюзионист Жеңіс Айтжанов Гиннестің рекордтар кітабына бесінші рет енген. Ол өткен 4 рекордты жылдамдық трюктерін орындау арқылы жаңартты.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі