Алматы шағын және орта кәсіпорындар саны бойынша көшбасшы атанды

22.09.2023

Агенттік сарапшылары Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындар сегментінің жағдайына талдау жүргізді.

ШОБ секторындағы барлық тіркелген компаниялардың 17% Алматыға тиесілі. Мұндай деректерді рейтингтік Ranking.kz. агенттігі береді.

Агенттік сарапшылары Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындар сегментінің жағдайына талдау жүргізді. 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде 2,1 млн ШОБ субьектісі тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары небәрі 1,9 млн.

«ҚР-дағы ШОБ субъектілерінің саны бойынша абсолютті көшбасшы республиканың қаржы орталығы және мәдени астанасы, Алматы болып табылады.  ҚР бойынша сектордың барлық тіркелген компанияның 17% Алматыға 368,6 мың тиесілі», - делінген агенттік хабарламасында.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.