Мемлекеттік басқару академиясының филиалында Қостанай облысының мемлекеттік қызметшілері үшін цифрлық құзыреттілікті дамыту бойынша кезекті семинар өтті. Семинарға Қостанай облысы әкімдігінің цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының және Алматы қаласы Жобалық кеңсесінің »Қауіпсіз қала» базалық бағытын дамыту тобының қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары жобаларды басқару, цифрландыру жобаларын тиімді іске асырудың әдістері мен құралдарын қолдану бойынша нақты ұсыныстар мен кеңестер алды. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар алған білімдерін күнделікті қызметте қолдану бойынша өз көзқарастарын таныстырды, бизнес-процестерді жақсарту және оңтайландыру жөнінде ұсыныстар берді, бұл тыңдаушылардың талқылауға және құзыреттерді дамытуға белсенді қатысуын атап көрсетеді.
«Семинарға сарапшылардың қатысуы тыңдаушыларға алған білімдерін практикалық сабақтарда нақты жобалар мысалында қолдануға, ал сарапшыларға Облыстың мемлекеттік қызметшілерінен жергілікті жерлерде кері байланыс алуға мүмкіндік береді«, - деп атап өтті Академияның білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Айнұр Нақышбаева.