24.11.2023

Алматы қаласын дамыту орталығы мәслихат депутаттарына 2023-2026 жылдарға арналған өзінің даму бағдарламасын таныстырды.

Алматы қаласы мәслихатының экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі комиссиясының көшпелі отырысында Алматы қаласын дамыту орталығының қызметі таныстырылды.

Депутаттарға орталықтың даму кезеңдері, 2008-2023 жылдар кезеңінде іске асырылған негізгі жобалар, сондай-ақ 2023-2026 жылдарға арналған қызметтің үш стратегиялық бағыты туралы айтылды.

Бірінші бағыт – Think Tank мақсаты Алматының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және өмір сүру деңгейі бойынша әлемдегі ең үздік қалалардың біріне айналуға бағытталған дамуын жоспарлау сапасын жақсарту болып табылады. Бұл мақсатқа әкімдіктің қызметін сапалы талдаумен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру; қала деректерін жинау, сақтау, талдау және визуализациялау орталығы ретінде қаланың ахуалдық орталығын дамыту; тұрғындарды қала мәселелерін жоспарлау, идеяларды қалыптастыру және шешу процесіне тарту; бейімделген инновациялық шешімдерді зерделеу және енгізу арқылы қол жеткізу жоспарлануда; machine learning, математикалық модельдеу және т. б. қолдана отырып, дата-аналитиканы дамыту.

Қаланы дамыту жөніндегі жоспарлардың (жобалардың) жоғары сапасын, уақтылы іске асырылуын және бюджеттік тиімділігін қамтамасыз ету АДО қызметінің екінші стратегиялық бағытының мақсаты – жобалау кеңсесі.

«Біз алдымызға жобалық басқарудың жаңа құралдарын енгізу және қолда бар құралдарын жетілдіру, жобалық мониторинг жүйесін қалыптастыру, жергілікті жобалардың ТЭН, ҚЭН, МЖӘ сараптамаларын жүргізу; жобалық топтың құзыреттерін арттыру және т.б. арқылы Алматының дамуы бойынша жобалардың сапалы портфелін қалыптастыруды қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз», – деді АДО басқарма төрағасы А. Шовкопляс.