24.11.2023
Алматыны әлемдегі алдыңғы қатарлы, дамыған, қолайлы және қауіпсіз қалардың қатарына қосу - мегополис билігінің негізгі мақсаты. Осы бағытты жүзеге асыру үшін 2008 жылы Алматы қаласын дамыту орталығы құрылған. Орталық 15 жылдың ішінде оңтүстік астананы жан-жақты дамыту үшін көптеген стратегиялық шешімдер қабылдап, ауқымды жобаларды жүзеге асырды. Сонымен, орталықтың бағдарламалары қалай жұмыс істейді, алматылықтың ортақ портреті қандай? Бұл сұрақтарға AlmatyLIVE бағдарламасында жан жақты талданды. Ал бағдарлама қонағы »Алматы қаласын дамыту орталығы« АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ғабдуллина