15.11.2023

Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев бастаған алматылық өкілді делегациясы, депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері «Busan-Kazakhstan Business Forum»-на қатысу үшін Кореяға барды.⠀

Сапардың бірінші күнінде делегация мүшелері Dong-A және Inje (Haeundae Paik Hospital) университеттеріндегі ауруханаларға барды. Депутаттар ПЭТ-КТ сканері, Full FACS жүйелері (суреттерді сақтайтын және беретін жүйе) және OCS (дәрігерлердің рецептері мен ұсыныстарын беретін жүйе) сияқты заманауи диагностикалық жабдықтармен таныстырылды. Роботтық хирургияның орталығында ұсынылған «Да Винчи S» хирургиялық роботы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.⠀

Депутаттық корпустың жұмыс сапарының негізгі мақсаты өңірдің экономикалық әлеуетімен танысу, сондай-ақ өндіріс, өнеркәсіп, туризм және көлік салаларындағы негізгі объектілерге бару болмақ.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы мәслихаты