Алматы қаласы жобалық кеңсе менеджерлерінің біліктілігін арттыру

10.04.2024

 

Жобаларды басқару саласында жобалық кеңсе менеджерлерінің біліктілігін үнемі жаңарту, жетілдіру қажеттілігі туындайды. Жоба менеджерлерінің біліктілігін арттырудың тиімді әдістерінің бірі тәжірибелі мамандандырылған семинарларын өткізу болып табылады. Бұл жоба менеджерлеріне соңғы трендтерден хабардар болуға және олардың жұмысында кездесетін нақты қиындықтарға дайын болуға мүмкіндік береді.

Жүргізіліп жатқан оқыту тақырыптарының бірі «Белгісіздік жағдайында жобаны бюджеттеу» болып табылады, оны өз әріптестері үшін Алматы қаласының жобалық кеңсесінің басшысы, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Андрей Шовкопляс жүргізді. Алматы қаласының жобаларын қаржыландырудың негізгі көзі ретінде жергілікті бюджет қаражатына ұқыпты және тиімді қарау жоба менеджерлерінің маңызды міндеті болып табылады.

Жобаларды басқару саласындағы кең тәжірибе, жаттықтырушының тиісті білімі жоба менеджерлерінің алдында тұрған қиындықтар мен ерекшеліктерін түсінуді қамтамасыз етеді. Дәл осы компоненттердің болуы сапалы оқытудың негізін құрайды.

«Белгісіздік жағдайында бюджеттеу тақырыбы бойынша жобалық менеджерлер үшін біліктілікті арттыру семинарларын өткізу олардың кәсіби дамуында маңызды рөл атқарады. Бұл жобалардың қаржылық ресурстары мен тәуекелдерін тиімді басқару арқылы қаланың орнықты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам болып табылады», - деп атап өтті «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А.Шовкопляс.