Уақыты 9:00-ден 13:00-ге дейін.
28 қаңтар Папанин көшесі 220, Литер А мекенжайы бойынша орналасқан Алматы онкологиялық орталығында сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жатыр мойны обырының алдын алу және ерте анықтау бойынша ашық есік күні өтеді.
Алматы онкоорталығының онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі Райхан Болатбекованың айтуынша, гинекологқа жүйелі түрде барып, скринингтік тексеруден өтіп тұрса, жатыр мойны обырының алдын алуға болады, ал егер ол ерте сатысында анықталса, оны толық емдеуге болады.
Мұнда жатыр мойны обыры дамудың бастапқы кезеңінде ешқандай белгісі болмайтынын атап өткен жөн.
«Сондықтан тексеруден өтіп тұру керек. Бұл аурудың белгілері болмаған кездің өзінде ісікті ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Ауру белгілері пайда болғаннан кейін ісіктің одан әрі таралу мүмкіндігі туындаған кезде, ауруды емдеу күрделене түседі», - деп атап өтті онколог.
Алматыда жыл сайын 30 жас пен 70 жас аралығындағы 100 мыңнан астам әйел жатыр мойны обырына скринингтен өтеді.
2022 жылдың өзінде Алматыда жатыр мойны обырына скринингтік жас тобына кіретін 74098 әйел тексерілді. Оның ішінде 21 әйелде жатыр мойны обыры анықталса, тағы 538 әйелде ісік алды жағдайы анықталды. 21 жағдайдың бәрінде қатерлі ісік ерте кезеңде анықталғаны қуантады. Қала тұрғындары скринингті тіркелген емханада өте алатынын тағы бір еске саламыз.
Жалпы, жатыр мойны обырын толық скринингтен өткізу аурушаңдықты 80%-ға төмендетуге және бұл аурудан болатын өлімді 70%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
«Қазіргі уақытта жатыр мойны обырының 5 жылдық өмір сүру деңгейі, барлық кезеңдердегі анықтауды ескере отырып, 70% не одан да көпті құраса, ауруды бастапқы кезеңде анықтау кезінде бұл көрсеткіш 90%-ға жетеді», - дейді Райхан Болатбекова.
Ауруды дер кезінде анықтау үкім емес, өміріңізді сақтап қалу мүмкіндігі екенін ұмытпаңыз!
Дереккөз: Almaty.tv.