01.02.2023

Туристер мен демалушылардан таулы аймаққа шықпауды ескертеді.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады.

«Алматы облысының тауларында 2023 жылғы 01-05 ақпан аралығында көшкіні қаупі сақталады. Соған байланысты, туристер және демалушылар қар көшкінін тудыру қауіпі болғандықтан қарлы беткейлерге шықпаңыздар, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды сұраймыз«, – делінген хабарламада.

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай ауданында 48 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.