13.02.2023

Метро желісінде 10 құрам қызмет көрсетеді.

Алматы метрополитен желісіне қосымша жылжымалы құрам қосылады.

Жолаушылар ағынының артуына байланысты және халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында 2023 жылғы 13 ақпаннан бастап Алматы метрополитенінде қосымша жылжымалы құрам қосылады. 

«Метро желісінде 10 құрам қызмет көрсетеді. Жаңа құрам қосылған соң қозғалыс аралығы қарбалас сәтте 6 минут 12 секундке дейін қысқарады. Электрлі жылжымалы құрамның қозғалыс кестесін жолаушылар «Алматы қаласының метрополитені» қосымшасынан көре алады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2022 жылы екі жаңа станция қолданысқа беріліп, жолаушылар ағыны шамамен 2 есеге артып, 85 мыңға жетті. Қазір 938 адам сиятын 4 вагонды жылжымалы құрам қатынап жүр.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.