15.07.2022
Биыл алматылық өндіріс ошақтары 670 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 13 пайызға жоғары. Оның көп бөлігі индустриалды аймақта орналасқан қайта өңдеу кәсіпорындарына тиесілі. Ол жерде тағы қандай жобалар іске асып жатыр? Дамыту жағы қалай қарастырылған? Осы және өзге сұрақтарға »Алматы» телеарнасының студия қонағы «Алматы индустриалды аймақ» ЖШС басшысының орынбасары Арслан Әбдамит жауап береді. Толығырақ сілтемден көре аласыздар.
Дереккөз: almaty.tv.