Былтыр мегаполисте 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
2023 жылы Алматыдағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 2022 жылмен салыстырғанда 25,3% өсіммен 1 800,7 млрд теңгені құрады. Жеке инвестициялардың өсуі 35,5% дейін артты.
IT-секторы (өсім 5,9 есе), денсаулық сақтау саласы (2,8 есе), ғылыми және техникалық қызметті (89,7%), туризм (44,7%) және өңдеуші өнеркәсіпті (31,6%) дамытуға баса назар аудара отырып, инвестициялар құрылымының сапалы өзгеруі байқалады.
Қала аудандары бөлінісінде инвестициялардың ең көп көлемі Бостандық (384,9 млрд. теңге, нақты көлем индексі (НКИ) - 101,1%), Медеу (334,7 млрд теңге, НКИ - 128,8%), Алмалы (331 млрд. теңге, НКИ - 213,4%), Түрксіб аудандарына (202,2 млрд. теңге, НКИ - 104,7%).
2023 жылдың 9 айында 6 048,4 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тартылды (ҚР үлесі – 30,8%). 2023 жылы Алматыда 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, 255,6 млрд теңге сомасына 24 инвестициялық жоба іске асырылды.
Дереккөз: Almaty.tv.