29.12.2023

Жазда желіге 100 жаңа автобус шығарылған.

Алматы коммуналдық автопаркіне қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен биыл сатып алынған газбен жүретін жаңа автобустары келіп жатыр.

Жазда желіге 100 жаңа автобус шығарылды. Қазір тағы 500 жаңа автобус рәсімделіп, дайындалды. Дайын болған кезде олар жолаушылар ең көп жүретін маршруттарға шығады. Мысалы, 2024 жылдың қаңтарында №63, №28, №14, №92, №120, №120А, №79, №50 және т.б. маршруттарды күшейту жоспарланған.

Бұған қоса, троллейбус паркіне 100 троллейбус сатып алынды, қазір олар жолаушылар тасымалына шыққан. Әрі жеке тасымалдаушылар тұрақты негізде жаңа жылжымалы бірліктерді сатып алуда, биыл 550 автобусқа арналған жылжымалы құрам жаңартылды. Осылайша, 2023 жылдың соңына қарай қоғамдық көліктің экологиялық отын түріндегі үлесі 53%-ға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, биыл жыл басынан бері 22 жаңа бағыт ұйымдастырылып, 205 автобус тартылып, 364 автобус есебінен 24 маршруттағы жылжымалы құрам жаңартылды. Бұл ретте, орта есеппен тәулігіне жолаушылар ағыны 1,2 млн-нан 1,5 млн жолаушыға дейін өсті.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі