Кездесуге 350-ден астам адам келді.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қала тұрғындарымен кезекті кездесуі Жетісу ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және өткен жылы тұрғындардан түскен ұсыныс бойынша атқарылған жұмыс туралы айтып берді. Кездесуге 350-ден астам адам келді.
Ауданның өзекті мәселелерінің бірі инженерлік инфрақұрылым мәселесі болып табылады. 2022 жылы Жұмысшылар ауылындағы 22 көшеде 47 км сумен жабдықтау және су бұру желілері »Алматы Су» КМК балансына берілді. Қазір 2 500 абонентті жаңа желілерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, басқа нүктелерде 14,5 км сумен жабдықтау және кәріз желілері қайта жаңартылды. Ағымдағы жылы ауданның 68 көшесінде жалпы 98 шақырымға жуық сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу мен модернизациялауды бастау жоспарлануда.
Аудан тұрғындарын тұрақты электрмен жабдықтау және сапалы көше жарығымен қамтамасыз ету маңызды бағыт болып қала береді. Өткен жылы Палладин-Павлодар-Боралдай көшелерінің аумағында, сондай-ақ Таймырская көшесінде 12 км тозған электр желілері 80%-ға модернизацияланды. Ағымдағы жылдың соңына дейін Кемел шағын ауданында 3 мыңнан астам абонент үшін тағы 43,5 км электр желілері жөнделеді.
Көшелерді жарықтандыру мәселелеріне келетін болсақ, өткен жылы ауданның бұрын ішінара жарықтандырылмаған 49 көшесінде жұмыстар аяқталды, 5 көшеде жарықтандыру модернизацияланды. 2023 жылы тағы 101 көшені жарықтандыру бойынша ЖСҚ әзірленетін болады.
Аудандағы өзекті мәселенің бірі жол жабындысы болып табылады. Өткен жылы ұзындығы 26 км-ден асатын 22 көшеде орташа жөндеу жүргізілді. 2023 жылы ауа-райы қолайлы болғаннан кейін жұмыс жалғасады. Ауданның 28 көшесінде тағы 25 км жолды орташа жөндеу жоспарлануда.
Қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыру басым бағыт болып қала береді. 2022 жылы үлкен сұранысқа ие 8 бағыттың жылжымалы составы толығымен жаңартылды – 117 жаңа автобус бөлінді. Ағымдағы жылы автопарктерді жаңарту және жекелеген бағыттапрды күшейту жалғасады.
Қадамдық қолжетімділік тұжырымдамасы аясында ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Мәселен, Кемел шағын ауданында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып қалды. Өткен жылы әкімдік ауысымына 200 және 300 келушіге арналған емханаларды ашу үшін 2 ғимарат сатып алды.
Оқушы орындарының тапшылығын төмендету мәселелеріне ерекше назар аударылады. 2022 жылы 875 орындық 2 мектепте қосалқы нысандар пайдалануға берілді және 200 орындық қосалқы нысанның құрылысы басталды. Ағымдағы жылы »Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 1200 орындық жаңа мектеп және қолданыстағы мектептерге 450 орындық 2 қосымша құрылыс салу жоспарланған.
«Мектеп автобусы» жобасы аясында көлікке өте мұқтаж 4 мектептің оқушылары іріктелді (№80, 87, 112 және 193). Олар үшін 16 мамандандырылған автобус бөлінеді, оның 3-і наурыз айында балаларды тасымалдауды бастайды.
Үнемі су басу орындарының проблемасын шешу бойынша. 2022 жылы әкімдік ТЖ желісі бойынша жиі су басатын 7 учаскені анықтады, оларды жою үшін ұзындығы 2,6 км жаңа су бұру коллекторы салынды, 2 қолданыстағы коллектор тазартылды, 1,3 км арық желісі салынды, Есентай каналы тазартылды.
Аудан үшін абаттандыру мәселелері өзекті болып қала береді. 2022 жылы Айнабұлақ шағын ауданында, Гүлдер саябағында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді: суару жүйелері қайта жаңартылды, жаңа жарықтандыру орнатылды. Скейт- парктер ұйымдастырылды, жастар үшін 2 жаңа алаң ашылды. Сондай-ақ, стритбол, баскетбол, волейбол және воркут алаңдары заманауи құрылғылармен жабдықталды. Ағымдағы жылдың соңына дейін Кемел шағын ауданында жаңа саябақтың құрылысын аяқтау және Көкмайса шағын ауданындағы Есентай өзенінің жағалауын абаттандыру жоспарлануда.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2022 жылы ауданда 23 жоба іске асырылды, оның ішінде балалар мен спорт алаңдары жөнделді, қоғамдық кеңістіктер құрылды. 2023 жылы аудан тұрғындарының өтінімдері бойынша 800 млн теңгеге 17 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Алматы әкімімен кездесу барысында аудан тұрғындары жолдарды, кәріз және электр желілерін жөндеу, абаттандыру және т. б. мәселелерді көтерді.
Дереккөз: Almaty.tv.