23.02.2023

Нұрлы тау, 46 шағынауданында 63 бірлік жеміс ағаштарын кесу фактісін анықтады.

Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары Нұрлы тау, 46 шағынауданында аумақты тексеру  кезінде 63 бірлік жеміс ағаштарын кесу фактісін анықтады.

Кесу рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген. Сондықтан тиісті тексеру актісі жасалды.

«Заңсыз әрекеттерден келтірілген залал 1060 АЕК (3 657 000 тг) мөлшерінде анықталды. Бұдан басқа, кінәлілердің өтем ағаштар отырғызуы тиіс екендігі де қарастырылған. Демек, өтемдік ағаш отырғызу көлемі Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау ережелеріне сәйкес 3150 ағашты құрайды әрі олардың биіктігі кемінде 2,5 метр», – делінген хабарламада.

Осы факті бойынша қолданыстағы заңнама аясында одан әрі қарай тиісті шаралар қабылдау үшін Алматы қаласының полиция департаментіне және Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына хат жолданды.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.