Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚР Президентінің атынан мемлекеттік наградаларды табыстады

05.05.2023

Салтанатты шара Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚР Президентінің атынан мемлекеттік наградаларды табыстады.

Алматы әкімі Ерболат Досаев 2023 жылдың 5 мамырында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алматы қаласының құқық қорғау органдарының еңбек сіңірген өкілдерін әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге қосқан үлесі, сонымен қатар, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтқаны үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттады.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Айсбеков Сахи Қайратұлы, Алматы қаласы прокурорының аға көмекшісі – Алматы қаласы прокуратурасының экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын қадағалау тобының басшысы және Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ұзабаев Ержан Сағынжанұлы марапатталды.

Сонымен қатар, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қыдырәліұлы Оспанов марапатталды.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.