Бұл мәселе «Әйгерім» шағынауданында орын алды.
Алматы әкімінің халықпен кездесуі - бұл мәселелерді шешуге және дау-шарды реттеуге ықпал ететін ашық диалог. Тұрғындардың сөзіне құлақ асу заң бұзушылықтарды уақытылы жоюға және істі оң шешілуіне мүмкіндік береді.
Мәселен, Ерболат Досаевтың 2023 жылғы 26 шілдедегі Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы бойынша «Әйгерім» шағынауданындағы өтініш берушінің мәселесін шешу 2 күнге созылды.
Аудан тұрғыны контейнерді заңсыз орнатуға және жерді заңсыз басып алуға шағымданды.
Ақпараттың анық-қанығын Алатау ауданының әкімі А.Қалдыбеков, Алатау ауданы бойынша қалалық жоспарлау және аумақты дамытуды үйлестіру қызметінің және жер ресурстарын басқару департаментінің басшылығы барып тексерді.
Әкімдік өкілдері контейнер орнатылған жер 2018 жылдан бастап қала резервінде екенін анықтады.
Тиісінше, оны жекеменшікке беру мүмкін емес. Муниципалдық меншікке «Әйгерім» шағынауданның инспекторы Балтабайұлы Сәбит қол сұғуға әрекеттенді.
Жерді иеленуге құқығына дәлел ретінде ол әділет органдарында тіркелмеген 1998 жылғы заңсыз шешімді көрсетті.
Тексеру нәтижесінде инспекторды қызметтен босату туралы шешім қабылданды.
Жұмыстан босату туралы бұйрық қала әкімінің аппаратына жіберілді.
Дереккөз: Almaty.tv.