Талқылаудың маңызды қорытындысы Алматының Орталық Азиядағы SMF өңірлік хабы болып белгіленуі туралы ұсыныс болды.
Сеулге жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев Seegene медициналық қорының (SMF) және Open Healthcare Inc компаниясының төрағасы Чхон ЧонГимен кездесу өткізді.
SMF-Оңтүстік Кореяның медициналық диагностика және зертханалық зерттеулер саласындағы көшбасшы.
Талқылаудың маңызды қорытындысы Алматының Орталық Азиядағы SMF өңірлік хабы болып белгіленуі туралы ұсыныс болды. Оңтүстік Корея компаниясы Алматының медицина саласына шамамен $30 млн инвестиция салуға ниетті. Атап айтқанда, жаңа клиника салу, клиникалық зертханаларды жаңғырту, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде емхана мен медициналық зерттеу орталығын басқару әдістемесіне денсаулық сақтаудың корей моделін зерделеу және енгізу, сондай-ақ тіркеу деректерін өңдеу рәсімін оңтайландыру, өзін-өзі диагностикалау құрылғылары мен телемедицинаны дамыту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары қаралды.
«Бүгінде бүкіл әлемде денсаулық сақтау біртіндеп емдеу үлгісінен диагностикаға көшуде. Бұл аурулармен күресте, азаматтардың денсаулығын қорғауда тиімді жол. Пандемия көрсеткендей, әлем жаңа сын - тегеуріндердің алдында тұр: медициналық орталықтарды заманауи зертханалармен жабдықтауға және зерттеулер жүргізуге назар аударатын елдер ғана бәсекеге қабілетті болады», - деді Ерболат Досаев.
Алматы әкімі Чхон ЧонГи мен оның әріптестеріне пандемия кезінде Алматы тұрғындарына көрсеткен көмегі және COVID-19 жасаған диагностикасы үшін алғысын білдірді.
SMF төрағасы Чхон ЧанГи өз кезегінде Seegene диагностикалық тестілеуі пандемия кезінде оң нәтиже бергенін атап өтті. Медициналық концерннің жоғары тиімді технологиясы сапалы әрі жаппай талдау жүргізуге мүмкіндік берді: Оңтүстік Кореядағы коронавирустық сынақтардың 50%-ын және Сеулдегі сынақтардың 60%- дан астамын бір мекеме-Seegene медициналық қоры өңдеді. SMF жұмысының арқасында Оңтүстік Кореядағы дүниежүзілік пандемия кезіндегі өлім деңгейі басқа елдермен салыстырғанда ең төмен деп танылды.
Дереккөз: Almaty.tv.