Екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті арттыру көзделеді.
Алматы әкімі мен Сеул мэрі цифрландыру және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады.
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары аясында Сеулге барды. Алматы делегациясын Сеул мэрі О Се Хун қабылдады. Тараптар БҰҰ Бас Ассамблеясының екіжақты әріптестікті дамыту форумында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёлдің екі ел арасында жоғары деңгейде белгілеген уағдаластықтарды іске асыру мәселесін талқылады.
Ерболат Досаев пен О Се Хун тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, Smart City құру, мегаполистердің көлік инфрақұрылымын дамыту, инновацияларды енгізудің маңызы және т.б. мәселелерді талқылады.
- Сеул – әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан қаланың бірі, қысқа және ұзақ мерзімді перспективада дұрыс даму мен өркендеудің мысалы. Сеулдің технологиялық даму, жедел қоғамдық көлікті жаңғырту, жеке инвестиция тарту, қалдықтарды кәдеге жарату және экологиялық мәселені шешу, туристерді тарту тәжірибесі Алматы үшін қызықты әрі пайдалы, - деп атап өтті Алматы әкімі әңгіме барысында.
Өз кезегінде Сеул мэрі О Се Хун Сеул тәжірибесі және қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту мәселелерінде ірі технологиялық компаниялармен ынтымақтастық жобалары туралы айтты. Мэрдің ұсыныстарының бірі Сеулдің Алматымен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуына және өзара ортақ бастамаларды қолдауға дайын екеніне қатысты болды.
Ерболат Досаев қазіргі уақытта Алматыда көлік құрылымының шеберлік-жоспары әзірленіп жатқанын айтты, ал бұл жолаушыларды тасымалдау сапасы мен қозғалыс жылдамдығын үштен бірге арттыруға мүмкіндік береді. Оның негізі халықтың 75%-ы үшін жаяу жүргіншілерге арналған жылдам қоғамдық көлік – метро, LRT және BRT болады.
Сонымен қатар алматылық делегация Сеул қаласын басқарудың көліктік ақпараттық сервисінің TOPIS (Seoul Transport operation & Information Service) data-хабына барды, ол мегаполистің көлік жүйесін, Сеулдегі табиғи апатпен байланысты көрсеткіштерді тәулік бойы қадағалайды, қажет болған жағдайда жедел әрекет етуге береді.
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті арттырудың болашағы талқыланды. 2023 жылдың басынан бері Алматы мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымы 23,6%-ға ұлғайып, 720 млн долларға жетті.
Алматы делегациясының сапары аясында қала әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен Сеул қаласында цифрландыру, медицина және фармацевтика, машина жасау, сондай-ақ экология және экологиялық көлік мәселелері бойынша Samsung Medison, Samsung C&T, Hyundai Rotem, GL Rapha, SK Ecoplant Co және т.б. компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу өтті.
Дереккөз: Almaty.tv.