31.01.2024

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде хабарлады.

Алмалы ауданының Тастақ шағынауданындағы қолданыстағы ғимараттарды бұза отырып, Тілендиев көшесі мекенжайы бойынша 300 орынды балабақша құрылысы басталып, 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде хабарлады.

Қала басшысы ауданда тағы бір балабақша ашылатынын атап өтті.

«Мектепке дейінгі білім беру саласында ағымдағы жылы Мәуленов көшесіндегі ғимаратты сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу жоспарлануда, онда 145 орынды балабақша ашылады«, - деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, №10, 20, 43 балабақшаларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.