15.08.2022

Оқу-ағарту министрінің жаңа 2022-2023 оқу жылын бастау жөніндегі бұйрығы қабылданды.

Жаңа оқу жылы 36 оқу аптасынан тұрады. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. Жаз бойы балалар демалады.

Оқу жылындағы демалыс күндері келесідей болады:

1-11 сыныптарда:

  • күзгі – 7 күн (2022 жылғы 31 қазаннан 6 қарашаға дейін),
  • қысқы – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін), 
  • көктемгі – 9 күн (2023 жылғы 18 наурыздан 26 наурызға дейін);
  • 1 сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (2023 жылғы 6 ақпаннан 12 ақпанға дейін).

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.