Статистикаға жүгінсек, қалада жыл сайын 700 әйелден сүт безі ісігі анықталады екен.
Әйелдер қатерлі сүт безі ісігін ертерек анықтауға құлықсыз. Осылай деген алматылық дәрігерлер 17 медициналық мекемеде ашық есік күнін өткізді.
Басты мақсат – нәзік жандыларға тегін тексеру жүргізіп, денсаулықтарына мән беру керектігін еске салу. Бұл күні алдыңғы қатарлы онколог-маммологтар ауруды алдын-алу үшін әйелдерді ультрадыбыстық зерттеуден өткізді. Статистикаға жүгінсек, қалада жыл сайын 700 әйелден сүт безі ісігі анықталады екен. Оның екеуінде аурудың өршуі байқалған. Дәрігерлердің айтуынша, бастапқыда ауру жанға батпайтындықтан, көбі оны асқындырып алады.
«Қыз-келіншектер, осы қазан айында әр жұма сайын, сенбі күндері Алматы онкология орталығында ашық есік күні өткізіледі. Келіңіздер, тексеріліңіздер! Ашық есік күнінде нәтиже көп. Сүт безінің қатерлі ісігі клиникалық көрініс бермейді, сезілмейді. Бірінші, екінші дәрежесінде. Сол себепті қыз-келіншектер келіп қаралғаны дұрыс болады», – деді Алматы онкология орталығының дәрігері Қайсар Нақыпбеков.
Дереккөз: Almaty.tv.