5100 жаңа жұмыс орны, өндірістік өнеркәсіп пен құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі: Алматыда Түрксіб ауданы әкімінің есеп беру кездесуі өтті

10.02.2021

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Шетсіз қала» қағидаты бойынша Түрксіб ауданында ауқымды жұмыс жүргізілді. Бүгін Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров 2020 жылдың қорытындысын шығарып, ауданды дамыту жоспары туралы айтып берді. Үш сағаттық тікелей эфир барысында қала тұрғындарынан 150-ден астам сұрақ түсті, аудан әкімі 80 cұраққа жауап берді. Қалған мәселелер бойынша ақпаратты аудан әкімдігі беретін болады.

Сумен жабдықтау және кәріз

Түрксіб ауданының тұрғындары үшін маңызды мәселелердің бірі ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда Қайрат, Әлмерек және Нұршашқан шағынаудандарында 2628 үйді қамтитын су құбыры мен кәріз құрылысы аяқталуда. 3,5 км құбыр ауыстырылды.

Осы жылы инженерлік желілермен Әлмерек шағынауданы толық қамтылады. Қосымша 569 үй.

Төменгі пятилетка, Шуақты, Жас қанат шағынаудандары үшін кәріздік сорғы станциясын салу, сондай-ақ 8040 үйді қамтитын Закарпатская көшесі бойынша жобалар әзірленді.

Аулалар мен көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу

2016 жылдан бастап 400 аула жөнделді. Өткен жылы 95 аулаға күрделі жөндеу және 115 аулаға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Биыл тағы 155 аулаға ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда.

2020 жылы 5 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді. 119 қасбет боялған. 2021 жылы 6 КПТҮ жөндеу жоспарлануда.

Ауданда 609 ескі үй бар. Осы мәселені шешу үшін үстіміздегі жылы Молдағалиев көөшесінде бес қабатты үш КПТҮ пайдалануға беріледі. Сейфуллин даңғылында бес қабатты екі үйдің құрылысы басталды.

Жарықтандыру және электрмен жабдықтау

Алматы әкімінің тапсырмасы аясында өткен жылы аудандағы 614 көше мен тұйық көшелер жарықтандырылды. Бүгінде 89 учаске қалды, олар бойынша жұмыстар үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында аяқталады. Осылайша, аудан көшелері 100% жарықтандырылады.

Көшені жарығын орнату аяқталғаннан кейін ескі көмескі шамдарды LED-шамдарға ауыстыру жұмыстары жалғасады. Өткен жылы Нұршашқан, Әлмерек, Қайрат шағынаудандарында қосымша 4 трансформаторлық қосалқы станция орнатылды.

Нұршашқан, Әлмерек, Қайрат, Шуақты шағынаудандарында электрмен жабдықтау желілерін ауыстыру және жаңғырту бойынша жоба әзірленуде.

Көгалдандыру және саябақ аймақтары

Өткен жылы ауданның жасыл қорына және рекреациялық аймақтарына ерекше көңіл бөлінді. Жас қанат, Әлмерек, РВ-90 шағынаудандарында 45 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Бүгінгі таңда жасыл қор 450 мыңнан астам ағашты құрайды, бұл ауданды қаладағы ең жасыл аудандардың біріне айналдырды.

Өткен жылы Жас қанат шағынауданында сквер ашылды, Ғанибет көшесіндегі сквер қайта жаңартылды, Әуежай көлінің жанындағы саябақты қайта жаңартудың 1-кезеңі жүзеге асырылды.

2021 жылы Әуежай көлі жанындағы саябақ пен Маяк шағынауданындағы скверді қайта құрудың 2-кезеңін жүзеге асыру жоспарлануда. Сондай-ақ Сейфуллин, Әуежай, Балалар шығармашылық үйі скверлерін қайта құру мәселесі пысықталуда.

2020 жылы Сауранбаев көшесінде жаяу жүргіншілер аймағы салынды. 2021 жылы осындай жаяу жүргіншілер аймағын Алтай шағынауданында салу жоспарлануда.

Балалар және спорт алаңдары

Өткен жылды ескергенде, қазіргі уақытта ауданда 300-ден астам спорт алаңы бар. Аула аумақтарын абаттандырудан басқа, Маяк, Әлмерек, Нұршашқан, Нижняя Пятилетка шағынаудандары, Полесская, Спасская, Международная, Ақан сері және т. б. көшелердегі жеке секторда жаңа балалар және спорт алаңдарын салуға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар балаларға арналған футбол және баскетбол жаттықтырушыларымен 30-дан астам тегін спорт секциясы ұйымдастырылды. Биыл жеке секторда 40-тан астам алаң салу жоспарлануда.

Өзен арналарын абаттандыру және су басқан учаскелерді жою

Өткен жылы қатты жауын-шашын кезінде су басатын 15 учаскені жою жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа, Жарбұлақ өзенінің арнасын кеңейту және тереңдету басталды.

Үстіміздегі жылы ауданның 61 учаскесінде арық салу бойынша жоба әзірленуде, сондай-ақ Костромская және Тренева көшелерінің бойында көшкін қаупі бар учаскелерді нығайту жоспарланған, онда 100-ден астам үй орналасқан.

Жол инфрақұрылымы

2020 жылы ұзындығы 9,8 км 14 көшеге жөндеу жүргізілді. 10 көше бойынша 12,8 км тротуар салынды, Сүйінбай даңғылы-Хмельницкий және ВАЗ-да  қауіпсіздік аймақтары жайластырылды, Майлин көшесінде жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды.

Құлжа жолы-Бұқтырма қиылысындағы жол айрығының құрылысы жалғасуда.

Үстіміздегі жылы Нұршашқан, Әлмерек, Қайрат шағынаудандарында жол құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар орташа жөндеу жұмыстары аясында ауданның 25 көшесіне асфальт төселеді. Бұдан басқа, 12 көшеде 18 шақырым тротуар салынады, сондай-ақ 50 жаңа аялдама кешені орнатылды.

Әлеуметтік инфрақұрылым

Орын тапшылығын азайту мақсатында 2020 жылы Нұршашқан шағынауданында мектеп, №61 мектепке жапсаржай, Жас қанат шағынауданында балабақша пайдалануға берілді. 4 балабақшаға ағымдағы жөндеу және №86 бөбекжайға күрделі жөндеу жүргізілді.

2021 жылы Жас қанат шағынауданында №170 мектепке, балабақшаға жапсаржай құрылысын аяқтау, Қайрат шағынауданында мектеп, Сейфуллин даңғылындағы жекеменшік мектеп, «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығына» сейсмикалық күшейту жүргізу жоспарлануда. Жас қанат шағынауданында балабақша жобасы әзірленуде және №59 мектеп-гимназия ғимаратын қайта жаңғырту жоспарланған.

Денсаулық сақтау нысандарының қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2020 жылы №32 қалалық емхананың дәрігерлік медициналық пункті, 13 әскери қалашықтағы дәрігерлік амбулатория, №4 перзентхананың қосымша корпусы, қалалық инфекциялық аурухананың филиалы ашылды.

Нұршашқан шағын ауданында дәрігерлік амбулатория құрылысына және Қайрат шағынауданында емхана құрылысына ЖСҚ әзірленуде.

Көпбалалы отбасыларды қолдау аясында «Іскер ана» қолөнер орталығы жөнделді, қолөнер орталығының тауарларын сату үшін «Іскер ана» дүкені ашылды.

2020 жылы 134 отбасы өз бизнесін ашуға 200 АЕК мөлшерінде грант алды. Мысал ретінде Жұлдыз шағынауданындағы тігін цехын келтіруге болады.

Үстіміздегі жылы 4 кітапхана жөнделіп, Жас қанат және Жұлдыз шағынаудандарында дене шынықтыру-сауықтыру орталықтарының құрылысы жүргізілуде.

Аудан экономикасы

Жалпы, 2020 жылдың қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Өнеркәсіп өндірісі 5,7%-ға өсті, негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,2%-ға, құрылыс жұмыстары 38%-ға өсті, 104 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. 3700-ден астам тұрақты және 1400 уақытша жұмыс орны құрылды.

2020 жылы ауданда «Самұрық Групп» өндірістік паркі ашылды, Маслодел кәсіпорны өз өндірісін кеңейтті.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі