4 күннен кейін «Халық қатысатын Бюджет» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталады

26.09.2025

Құрметті тұрғындар! «Алматы қаласын даму орталығы» акционерлік қоғамы хабарлайды: «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында қазіргі уақытқа дейін 2 890 өтінім қабылданды.

Азаматтардың ұсыныстарын қабылдау жалғасуда, оның аяқталуына небәрі 4 күн қалды - 30 қыркүйекке дейін (қоса алғанда).

Әрбір қала тұрғыны абаттандыруға қатысты өз жобасын ұсына алады: балалар ойын алаңын орнату, аумақты көгалдандыру, тротуарларды жөндеу немесе көше жарығын орнату.

Өтінімдер  budget.open-almaty.kz интернет-платформасында қабылданады.

Дауыс беру нәтижелері бойынша үздік жобалар 2026 жылы жүзеге асырылады.

 Қосымша ақпаратты аудандық әкімдіктерден немесе мына телефон арқылы алуға болады: 224 39 29 (ішкі 203).