28.05.2026
⚽ Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Динамо - Қазақстан балаларына» атты дәстүрлі спорттық мереке өтті. Биылғы жарысқа 800-ге жуық адам қатысты.
Бағдарлама аясында қатысушылар жеңіл атлетика, шағын футбол, дартс, эстафета және автоматты бөлшектеу-жинау сайыстарында бақ сынады. Сонымен қатар боксшылар, семсерлесушілер, дзюдошылар, акробаттар, грек-рим және еркін күрес спортшылары, конькишілер мен әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті

