«Алматы марафоны» жүгіру жарысының ұйымдастыру комитеті жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатынын мәлім етті.
24 қыркүйек күнгі таңғы сағат 6:00-ден бастап 25 қыркүйек күнгі кешкі сағат 18:00-ге дейін марафон өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.
Спортшылардың қашықтықты жүгіріп өту шамасына қарай жолдар ашылып отырады. Марафонның сөресі мен мәресі Республика алаңында болады, сондықтан 24 қыркүйек күнгі сағат 6:00-ден бастап 25 қыркүйек күнгі сағат 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесінде Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде екі қозғалыс жолағы да жабылады.
25 қыркүйекте мына жолдарда қозғалыс шектеледі:
- Назарбаев даңғылында Сәтбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 10:40-қа дейін қозғалыс толық жабылады.
- Әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі жол бөлігінде шара өтетін күні сағат 7:00-ден 8:45-ке дейін қозғалыс толық жабылады.
- Әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 11:10-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
- Әл-Фараби даңғылында Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 13:30-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
- Саин көшесінде әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 13:30-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.
- Абай даңғылында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін қозғалыс ішінара жабылады, даңғылдың солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
- Байтұрсынов көшесінде Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін қозғалыс толық жабылады.
- Сәтбаев көшесінде Байзақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.
- Сәтбаев көшесінде Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 13:30-ға дейін қозғалыс толық жабылады.
- Байзақов көшесінде Тимирязев көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.
- Тимирязев көшесінде Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.
- Шашкин көшесінде әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағат 7:00-ден 10:35-ке дейін жабылады.
Сонымен қатар ұйымдастыру комитеті Республика алаңына автокөлікпен жету бағытын ұсынды:
- Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;
- Сәтбаев көшесінің бойымен батысқа қарай Назарбаев даңғылына дейін;
- Назарбаев даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;
- Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы Тауға дейін көлікпен жетіп, Алаңға дейін жаяу бару;
- Абай даңғылының бойымен батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін;
- Шевченко және Құрманғазы көшелерінің бойымен Желтоқсан көшесіне дейін;
- Метромен «Абай» станциясына дейін;
Естеріңізге сала кетейік, 25 қыркүйекте жыл сайынғы ең ірі жүгіру жарысы – «Алматы марафоны» өтеді. Жүгірушілер үшін келесі қашықтықтар қарастырылған: 10 км, 21,1 км, 42,2 км, Экиден командалық эстафетасы, 10 км солтүстік жаяу жүру.
Дереккөз: inform.kz