2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Алматы қаласының қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші 104,1%-ға дейін өсті. Бұл туралы қалалық экономика басқармасы хабарлады.
«Алматының жалпы өңірлік өнімі жылдың бірінші жартысында 3,5%-ға өсті (Қазақстан бойынша – 3,2%). Экономиканың өсу драйверлері – көлік (+21,6%) және құрылыс (+11%) салалары болды. 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша азық-түлік өнеркәсібіндегі өсім қарқыны қалпына келуде. Тамақ өнімдері өндірісінің индексі 2024 жылдың қаңтар айындағы 84,6%-дан 89,3%-ға, ал сусындар өндірісі 56,9%-дан 91,3%-ға дейін өсті», - деді экономика басқармасы.
Сондай-ақ, қыркүйек айында іскерлік белсенділік индексі 53,4%-ға дейін артты. Жалпы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасының өсуі 5,5% деңгейінде, ал 2025 жылы 6,4% деңгейінде болады деп болжанып отыр.