25.08.2022

Заң жобасы 8 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

ҚР Қаржы министрлігі «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын жариялады.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

ең төменгі жалақы – 60 000 теңге;

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге (жәрдемақыны және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлды, салықты және басқа да төлемдерді қолдану үшін);

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 21 907 теңге;

ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңге болады.

Заң жобасы 8 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық» НҚА порталында жарияланады.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.