2022 жылға дейін Алматыда жаңа СОСО, ірі автосалон, гипермаркет және сауда ойын-сауық кешені салынады

29.05.2021

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин бірқатар кәсіркерлік нысандарын таныстырды. Жыл соңына дейін қалада сауда және қызмет көрсету саласында 80-ге жуық жаңа жоба пайда болады.

Олардың бірі осы жылдың қазан айында Бостандық ауданындағы Республика алаңында пайдалануға беруді жоспарлап отырған «Almaly Mall» сауда, ойын-сауық орталығы. Е. Оразалиннің айтуынша, жаңа СОСО-да кемінде 70 сауда алаңын жалға беру мүмкіндігі пайда болады.

Е. Оразалин айтқан тағы бір жоба – маусым айында пайдалануға берілетін Алмалы ауданындағы Oxygen Plaza бизнес орталығы. «Ғимарат аумағы 24 мың шаршы метрден асады, бірақ іс жүзінде бұл қосымша 3,5 гектар жер, онда түрік инвесторлары Downtown Almaty салуды жоспарлап отыр, онда бизнес-орталықтар, люкс класты аппартаменттер мен қонақ үй, молекулярлы ас үй мейрамханалары орналасады», - деп хабарлады Е. Оразалин.

2021 жылдың желтоқсанында Медеу ауданында Құлжа тас жолында MYCAR KZ. автосалоны пайда болады.

«Біз ашық аспан астындағы автобазарлар форматынан ауысып жатырмыз. Бұл автосалон заманауи автомобиль орталығы, онда Алматы тұрғындары біраз уақыт мінілген автокөліктерді сату және сатып алу мүмкіндігін алады», - деп жалғастырды жаңадан салынып жатқан жобалар туралы Е. Оразалин.

Жаңа кәсіпкерлік нысандары Алматының шет жақтарында пайда болады. Мысалы, Солтүстік айналым ауданында 6 жоба іске қосылады, олардың бірі аумағы 17 мың шаршы метр болатын «Рахат» базары.

«Бұл базарда 1200 сауда орнын ұйымдастыру мүмкіндігі болады. Бұл жылытылатын, кондиционер жүйесіне қосылған, өрт қауіпсіздігі жүйесі бар ғимарат. Базарларды заңдастыру тауар айналымын да заңдастыруды қажет ететінін атап өткім келеді. 6 базар бойынша тауар айналымын 400 млн теңгеге дейін арттыруды күтудеміз», - деді Е. Оразалин.

2022 жылдың желтоқсан айында Алматыда Құлжа тас жолының аумағында әуежайға қарай тағы бір Aport Mall сауда-ойын-сауық орталығы пайда болады. Оның ауданы 105 мың шаршы метрді құрайды.

«Бұл жобаның бірегейлігі – аумақтың тек 50%-ы сауда бутиктерін орналастыруға бағытталады, қалған бөлігі саябақ аймағы мен алма аллеясы бар «ақылды демалыс» ойын-сауығының жаңа түріне жұмылдырылады», - деді Алматының шет аймақтарын дамыту туралы егжей-тегжейлі баяндаған басқарма басшысы.

Е. Оразалин 2022 жылдың қараша айында Leroy Merlin құрылыс материалдарын сататын тағы бір Leroy Merlin гипермаркетті іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі