13.05.2022

 «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес 2022 жылғы жекелеген есептік көрсеткіштердің мөлшері ұлғайтылды.

Сонымен, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап мынадай есептік көрсеткіштердің мөлшері:

айлық есептік көрсеткіш – 3 180 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге;

ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 37 389 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, ең төменгі жалақы өзгерген жоқ және 2022 жылы 60 000 теңгені құрайды.

Сондай-ақ жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және ұзақ еңбек сіңіргені үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінетін қаражат олардың мөлшерлерінің ұлғаюын ескере отырып қарастырылады:

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 7%-ға;

2022 жылғы 1 сәуірден 4%-ға.

 

 

 

Дереккөз: Zakon.kz