01.12.2022

Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2 желтоқсанна бастап №202 және №205 маршруттарға Foton маркалы жаңа автобустар шығарылатын болады. 
Енді маршруттарда сыйымдылығы 85 адамға дейінгі 12 метрлік автобустар қызмет көрсетеді. Автобустар табиғи газбен жүреді, пандус пен ауа салқындатқышпен жабдықталған.  

Бұған дейінгі автобустардың сыйымдылығы 70 адамға дейін болған.  
№202 маршрутта ЛиАЗ маркалы 15 автобус қызмет көрсеткен. Соңғы айларда жоспарлы шығу 40%-ға төмендегендіктен, 20 жаңа автобусты осы маршрутқа шығару  туралы шешім қабылданды. Жылжымалы құрам жаңартылғаннан кейін жүру жиілігі 14-15 минутты құрайды деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Сайран автобекеті мен Қаскелең арасында қатынайтын маршруттың жолаушылар ағымы айына 160 мыңнан 400 мыңға артады деп күтілуде.  

Соңғы кездері  жоспар бойынша шығудың 50%-ы ғана қаматамасыз етіліп жүрген  №205 маршрутта 18 автобус қызмет көрсетті. Енді Орбита шағынауданынан Жетісу базарына қатынайтын маршрутта 25 жаңа автобус жолға шығарылып, жүріс интервалы 7-9 минутты құрайтын болады. 

Жолаушылар ағымы бұл маршрутта айына 300 мыңнан 500 мыңға өседі деп күтіліп отыр. 

Қалалық мобилділік басқармасы қызмет көрсету сапасын арттыру мен жүріс жиілігін арттыру бағытында бірқатар шара қабылдап жатқандығын атап өткен жөн.  Маршруттарда туындаған мәселелер кезең кезеңмен шешімін табатын болады.

Алматы қ. қалалық мобилділік басқармасы