Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты.
«Мамыр айында кері су таратқышта сынақтар басталып, 353 ақау анықталды. Барлығы жойылды. Тамыз айында жеткізуші су таратқышта сынақтар басталып, 270 ақау анықталған, оның 260-ын жойдық. 20 қыркүйекке дейін осы сынақтардың бәрін аяқтаймыз және жылу желілері жылыту маусымына дайын болады», - деді Әсет Масабаев.
Сонымен қатар Ә.Масабаев білім беру және денсаулық сақтау нысандары автономды қазандықтарының жылу беру маусымына 100% дайындығы туралы хабарлады.
Жалпы, Алматының қалалық шаруашылығын алдағы жылыту маусымына дайындау кестеге сәйкес жүргізілуде. Үстіміздегі жылғы 2 қыркүйектегі жағдай бойынша, энергокешеннің жылыту маусымына жалпы дайындығы 88%-ті құрайды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі