12.06.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев »Семей орманы» табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшесі мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Президент осы қайғылы оқиғаға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылатынын айтты.

«Көңіл айтуға арнайы келіп отырмын. Бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет. Еліміздің қайғысы. Бекем болыңыздар. Орны толмас қайғы екенін түсінемін. Сіздерге жан-жақты көмек көрсету жөнінде Үкіметке тапсырма бердім. Үкіметке немесе маған жеке өтініштеріңіз болса, айтыңыздар. Барлық өтінішті орындаймыз. Қаза тапқан азаматтар қайтып келмейді. Бірақ өмір жалғасады. Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады«, - деді Тоқаев.

Президент 12 маусымды еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп белгіледі.

 

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv