13.06.2022

Наурызбай ауданының тұрғындары үшін маңызды жаңалық. Карьерная көшесінде екі автобус бағыты ұзартылды.

Қала әкімімен есептік кездесуде тұрғындар «Алма сити-5» ЖК көлік қызметін көрсетуді күшейтуді сұрады.

Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша «Барлық» базарынан Карьерная көшесі бойымен оңтүстік бағытта №31 және №67 бағыттарын ұзарту туралы шешім қабылданды.

Енді «Алма сити-5» тұрғындары қаланың орталық көшелеріне және жақында іске қосылған «Момышұлы» метро станциясына ауысып отырмай-ақ жете алады.

Ауданда барлығы 3 жаңа бағытты іске қосу және қолданыстағы бағыттарды күшейту жоспарланған.