100-ден астам алматылық волонтер болуға тілек білдірді
Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн сұхбат барысында Алматы қ. жоғарғы медициналық колледжінің директоры Светлана Сұлтанғазиева айтты.
Светлана Сұлтанғазиева хабарлағандай, 100-ден астам адам қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға үлес қосып, волонтер болуға тілек білдірген.
«Тілек білдірген адамдар сонымен бірге, дәрілік құралдарды жеткізуге тартылуда. Олар қарапайым персонал қатарына кіреді», - деді С.Сұлтанғазиева.
Сондай-ақ ол медициналық қызметкерлер қатарынан шыққан волонтерлардың кадрлық резервке қосылатынын атап өтті.
Медициналық мамандарды инфекциялық стационарларға бөлу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Медициналық ЖОО мен колледждердің түлектері үшін келесі шаралар қарастырылған:
-
мамандардың сертификаттарды тездетіп алуы;
-
жұмысқа қабылдауды жеңілдету (құжаттар санын азайту);
-
COVID-19 бойынша қосымша оқыту курстарын өткізу. Курсты аяқтағаннан кейін коронавирус инфекциясымен науқастанған адамдармен жұмыс істеу үшін рұқсат ететін арнайы сертификаттарды беру;
-
студенттерді ынталандыру мақсатында резидентураға түсуге көмек көрсету бойынша жағдай жасалады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

