24.11.2021

Алматыда халықты емханаларға тіркеу бойынша жыл сайынғы науқан аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады. Биылғы жылы тіркеу науқанына 79 медициналық ұйым қатысты.

- Медициналық ұйымды таңдау құқығын мегаполистің 10 мыңнан астам тұрғыны пайдаланды, олардың барлығы электрондық үкімет порталы арқылы өтінім берді egov.kz, - деді Т. Әбілдаев.

ӘМСҚ-да атап өткендей, биыл Алматы қаласында тіркеу науқанына қатысқан адамдардың саны өткен жылмен салыстырғанда біршама өсті.

Т. Әбілдаевтың айтуынша, тіркеу науқанына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 79 медициналық ұйым қатысты, олардың 40-ы – жеке меншік ұйымдар. Олардың 5-і өздерінің ресурстық мүмкіндіктері мен құзыреттерін тиісті құжаттармен растап, алғаш рет қатысты.

- Бұл факт қуантады, өйткені ол мемлекеттік ұйымдардың жүктемесін жеңілдетуге көмектеседі. Өз кезегінде, халықтың кең таңдау мүмкіндігі пайда болады, - деді спикер.

Сонымен қатар емханалар санының артуы жалпы практика дәрігерлерінің кезектері мен жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Осы мақсатқа жету үшін жаңа учаскелерді ашу бойынша шаралар қабылдануда.

Баспасөз конференциясына Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали қатысты.

- Медициналық көмек көрсететін бірінші буын ретінде жалпы практика дәрігерлерінің жүктемесін ескере отырып, 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілде аралығында Алматыда МСАК ұйымдарында жалпы практика дәрігерлерінің 15 қосымша учаскесі ашылды. Қала бойынша барлығы 989 учаске ұйымдастырылған, - деп атап өтті Л. Мырзағали.

Оның айтуынша, ведомствоға қарасты медициналық ұйымдарда дәрігерлердің тапшылығы келесі мамандықтар бойынша сезіледі: анестезиолог – реаниматологтар, жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, учаскелік терапевттер, ересектер мен балалардың невропатологтары, акушер-гинекологтар және т. б.

Бүгінде Алматыда медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің саны 723 маманды құрайды, оның ішінде 359 интерн. Оның 373-і жұмысқа орналастырылды.

Барлық мамандықтар бойынша медициналық колледждердің 3800-ге жуық студенті оқуын аяқтады, олардың 264-і грант бойынша, оларды жұмысқа орналастыру жалғасуда. Осы мәселені шешу үшін қосымша 2021-2025 жылдарға арналған кадр тапшылығын жою жөніндегі жол картасы бекітілді.

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне сәйкес, республика бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 19,4 млн-нан астам адам тіркелген, Алматы бойынша тіркелген халық саны 2,1 млн-нан астам адамды құрайды, оның ішінде шетелдіктер мен қандастар да бар.

Тіркеу науқаны – емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес. Қазақстандықтар жыл ішінде бір рет еркін таңдау құқығы бойынша, сондай-ақ емхананың көшуі, қайта ұйымдастырылуы, оның ӘМСҚ-мен шарты аяқталуы кезінде немесе керісінше, тұрғылықты жерінің жанында ӘМСҚ-мен шарты бар жаңа емхана пайда болған кезде, азамат ерікті медициналық сақтандыру шартын жасасқан жағдайда емхананың қызметтері өтелетін болады.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі