Gehl Architects ұсынған қала кеңістігі, мобильдік және бақыт қағидалары

06.09.2018

DSC02768

Күні кеше Gehl Architects компаниясының директоры Риккардо Марини Алматы қаласында ашық дәріс өткізді.

Гейл архитектс, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесе отырып: көше, велосипед инфрақұрылымы, саябақ және басқа да қоғамдық кеңістік аумағындағы қалалық орталықтарды түрлендіру жобаларына қағидалар енгізу жөнінде кеңес беру қызметін жүзеге асыруда.

Гейл архитектс тұжырымдамасы, негізгі артықшылығы адам болып табылатын, қаладағы өмір сүру жағдайын жақсарту және қоғамдық кеңістікті зерттеудегі 40-жылдық тәжірибеде негізделген. Әдіснамасы эмпиризмдік тәсіл, соның ішінде, сансыз бақылау нәтижесінде деректерге негізделген дизайн болып табылады. Осыған ұқсас кеңестер, автотәуелділік, жоғары газдылық, шу деңгейі жоғары, жаяу жүргіншілерге арналған ыңғайсыз орта сияқты мәселелермен түйісетін әлемнің көптеген қалаларында (Лондон, Нью Йорк, Мәскеу және т.б.) жүргізілді.

Мысалы, бұрын соңды автомобиль және олардың көптігінің салдарынан, арасынан өтуге тырысып баққан адамдарға лық толы болған әйгілі Таймс сквер алаңы, қазіргі таңда қала тұрғындары мен қонақтары шоғырланып, әңгіме дүкен құратын демалу орнына айналды.

DSC02761

Гейл архитектс кеңесшілері Алматы қаласына алғаш рет 2014 жылы келіп, қаланы, оның дағдыларын, әлеуетін және сын-тегеуріндерін зерделеп, ұқсас зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде «Алматы – адамдарға өте қолайлы және қолжетімді жағдай ұсыну жолында» тұжырымдамасы жетілдірілді, оның аясында стратегиялық деңгейде велошабандоз және жаяу жүргінші жағдайын алға қоя отырып, Алматы көше кеңістігінің даму кезеңдері және негізгі тұжырымдамалары суреттелген.

Одан кейін келген сарапшылар қала орталығын өзгерту жолындағы іске асыру үстіндегі жобаларды бағалауға және олардың адамдар үшін қаланың жалпы тұжырымдамасына қалай жанасатынына бағыт алды. Нәтижесінде, түрлендіру оң нәтиже бергені айқындалды. Мысалға, қайта құру кезеңіне дейінгі жағдаймен салыстырғанда, Панфилов және Жібек жолы көшелерінің және Астана алаңының жаяу жүргінші ағыны 2 есеге үлкейтілген, ал онда уақыт өткізетін адамдар саны 1,8 есеге, ойнап жүрген балалар 15 есе көбейген.

Риккардо Марини Алматы қаласының машина қаласынан адамдар қаласына сәтті өзгере бастағанына өз қуаныш лебізін білдірді. Сондай ақ, әлемнің басқа қалаларындағыдай, Алматы қаласы да мінсіз емес, сол себепті алдағы жобаларда бұрын жіберілген қателіктерді елеу маңызды екенін атап өтті.

Осы мақсатта, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ кеңесшілермен біріге отырып, «Қала кеңістігін ұйымдастыру жөніндегі базалық нұсқаулықты» жетілдіруде. Құжат - жайлы қала орталығын құрудағы жалпы негізгі ережелер мен тұжырымдамалардан тұратын құрал болып табылады. Нұсқаулық - қала құрылысы мен сәулет, қалалық жоспарлау және құрылыс саласындағы мамандарға, қала билігінің өкілдеріне, және де қала кеңістігін түрлендіру үдерістеріне тартылған және мүдделі барлык адамдарға бағытталған.