Алматы әкімі Б. Сағынтаев қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Софы Сматаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға қатысты.
Кеш «Meн жеңемін!» театрландырылған қойылымымен ашылды. Қойылымға С. Сматаевтың өзі және М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының әртістері қатысты. Шығармашылық кеш осы театр сахнасында өтті.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевтың С. Сматаевқа арналған жылы құттықтау сөздерін оқыды. Онда мерейтой иесінің қазақ әдебиетін дамытуға қосқан үлесі атап өтілген.
Б. Сағынтаев өз құттықтауында С. Сматаевтың қазақ әдебиеті классиктері мен сыншыларының шығармаларын зерттеу саласындағы еңбектерін де ерекше атап өтті. Софы Сматаев — жазушылық өнерге берілген қаламгерлердің бірі.
Алматының әкімі Б. Сағынтаев әкімдік қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті. Қала әкімі мерейтой иесі мен оның жақындарына мықты денсаулық, шығармашылық табыс және бақ-береке тіледі. Қаланың дамуына қосқан үлесі үшін С. Сматаев Алматы қаласы әкімдігінің «Еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Алматы әкімдігі ұйымдастырған шығармашылық кеш С. Сматаев таланты мен шығармашылығын ұлықтау болып табылады.
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет айтқандай, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен сөз шеберлерінің 30 түрлі кітабы жарық көрді, олардың жалпы таралымы 65 мың дана. Оның ішінде мерейтой иесі С. Сматаевтың 25 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Кітаптар қала кітапханаларын толтырды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі