​​​​​​​Алматыда жабық ғимараттар мен қоғамдық көлікте маска тағу ұсынылды

12.07.2022

Елде COVID-19 ауруының өсуін ескере отырып, қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары» аймаққа өткендіктен, санитарлық шаралар күшейтіледі:

- науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс істеу түріне ауыстыру;

- вакцинациялануға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;

- жабық мекемелерде, қоғамдық көлікте бетперде кию;

- 10 - нан астам адамның қатысуымен өтетін кеңестерді онлайн-форматқа көшіру ұсынылады.

Айта кетейік, әзірге бетпердені тағу ұсыныс қана.

Еске салайық, 4 шілде күні Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлының коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы жаңа қаулысы шыққан болатын.

 

 

 

Дереккөз: inform.kz