07.11.2022

Медициналық пойыздың мамандары 44 мыңнан аса адамды қабылдаған

5 айдан астам уақыт еліміздің түкпір-түкпірін аралаған «Жәрдем» медициналық пойызы Алматыға келіп тоқтады.

Осы уақыт аралығында 30-дан астам түрлі саланың дәрігерлері шет аймақтағы халыққа тегін әрі сапалы қызмет көрсетті. Медициналық пойыздың мамандары 44 мыңнан аса адамды қабылдаған. Нәтижесінде, 19 адамнан онкологиялық ауру, 81 жаннан де туберкулез анықталса, 19 әйел жүктіліктің барын дәрігерлерден естіген. Бас-аяғы 80-нен аса стансаға тоқтаған пойыз барлық заманауи құралдармен жабдықталған. Стоматологиялық шағын оталар жасауға да мүмкіндік бар.

«Жобаның басты мақсаты – медициналық қызметке қолы жетпейтін шалғай аудандардың тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Пойыздың ішінде науқастарға тек диагноз қойып ғана қоймай, ем-дом көрсетуге болады. Қажетті құралдардың барлығы бар. Дәрігерлер алғашқы хирургиялық және стоматологиялық шағын операцияларды да жасауға мүмкіндік алды», – деді қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Назгүл Иманғалиева.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.