Алматыда Тәуелсіздік күні қарсаңында кезекте тұрғандардың 211-і пәтер кілтін алды

15.12.2021

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Тәуелсіздік мерейтойына орайластырылған салтанатты рәсімде халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандарға пәтер кілттерін тапсырды.

Қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына 211 пәтер бөлінді. Тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған Алатау ауданындағы «Мәдениет» ТК орналасқан.

Б. Сағынтаев қала тұрғындарын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жаңа баспанада жақсылық пен бақыт тіледі.

Жыл қорытындысы бойынша 5394 пәтер беріледі. Мәселен, «Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы шеңберінде көп балалы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін 1013 кредиттік заем беріледі. «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша – кезекте тұрғандардың барлық санаттары үшін 2146 кредиттік заем.

«Алматы Жастары» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша 926 несие берілді. Көпбалалы отбасыларға сатып алу құқығынсыз 267 жалдамалы пәтер берілді, бүгінде 211 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне берілді. Сондай-ақ, 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға 1050 пәтер беріледі.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі