«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі - Орталық) қызметінің маңызды бағыттарының бірі Алматы қаласы әкімдігін ақпараттық-талдау қызметімен қамтамасыз ету болып табылады. Осы бағыт шеңберінде Орталық Алматы қаласы тыныс-тіршілігінің көрсеткіштерін бақылайды және талдайды, мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шешімдерді дайындау үшін ақпараттық-талдау және әдістемелік базаны қалыптастырады, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпараттық және анықтамалық материалдарды, каталогтар мен проспектілерді басып шығаруға қатысады.

Орталықтың қатысуымен Алматының басты стратегиялық бағдарламалық құжаттары әзірленді – «Алматы-2050 «Даму стратегиясы», «Алматы – 2020 «Даму бағдарламасы», «Алматы қаласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасы» және т. б.

Ситуациялық орталық жүйесінің платформасында Орталықтың ақпараттық-талдау блогы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму индикаторларына тұрақты мониторинг жүргізеді. Осы деректерді пайдалана отырып, қала экономикасының жекелеген салаларының қазіргі жағдайы, әлеуметтік даму, экология және абаттандыру, инфрақұрылым және қауіпсіздік бойынша талдамалы есеп дайындалады.

Талдау негізінде және үздік әлемдік тәжірибелерді есепке ала отырып, Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар қалыптастырылады.

Қаланың бизнес құрылымдарына тиімді көмек пен қолдау көрсету аясында Орталық «Алматы - 2050» стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша Алматы қаласы әкімі жанындағы Іскерлік кеңестің қызметіне ұйымдастырушылық-талдамалық сүйемелдеу мен әдістемелік көмек көрсетеді.