Image
Басқарма төрағасының орынбасары

Жексенбай Айдос Тұрдақынұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономист – әлемдік экономика саласының маманы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Oregon State University (АҚШ, «Болашақ» бағдарламасы) халықаралық бизнесте мамандандыру бойынша үздік бітірген.

Қаржылық, коммерциялық және басқа салаларда, соның ішінде квазимемлекеттік секторда 14 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Еңбек жолын 1997 жылы «Қазақстан Эксимбанкі» ЖАҚ маманынан бастаған. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-да басшылық қызметтер атқарды. Сондай-ақ жеке компанияларда басқарушылық лауазымдарда жұмыс істеді.

«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-да 2013 жылдан бастап жұмыс істейді, Басқарма төрағасының орынбасары және Басқарушы директор лауазымдарын атқарды.

2021 жылғы наурыздан бастап Директорлар кеңесінің шешімі негізінде (2021 жылғы 22 ақпандағы №2 хаттама) «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі.