Image
Басқарушы директор - Басқарма мүшесі

Муканов Ерлан Бахитович

Атырау мұнай және газ институтын «Инженер-экономист» мамандығы бойынша, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) іскерлік басқару магистры дәрежесі (MBA) бойынша тәмамдады, Лондон бизнес мектебінде (London Business School) Corporate Finance Modular Programme бағдарламасы бойынша білім алды.

23 жылдан астам кәсіби өтілі, соның ішінде 18 жыл басқарушы лауазымдарда, атап айтқанда қаржы және инвестициялық қызмет, басқару есебі жүйесі, трансформациялық процестерді әзірлеу және енгізу, жобалық басқару, тәуекелдерді басқару жүйесі және телекоммуникация, мұнай және тау-кен салаларын («Казахойл Ақтөбе» ЖШС, «КаР-Тел» ЖШС, «Sky Mobile» АББ, «Арман» БК ЖШС және басқалары) ішкі бақылау сияқты салаларда қызмет атқарды.

Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 20 маусымдағы шешімімен «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директор - Басқарма мүшесі болып тағайындалды.