
Кенжебеков Әлібек Нәкібайұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Медиа және коммуникация саласында көпжылдық тәжірибесі бар. «Оңтүстік астана» телерадиокомпаниясы» АҚ арнайы жобалар редакциясының аға редакторы-жүргізушісі, «Алматы қаласының ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС контент-редакторы, «Алматы қаласының шаруашылық басқармасы» ЖШС бас маманы және Алматы қаласы әкімі аппаратының инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеген.
2025 жылғы маусымнан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінің басшысы – Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы лауазымын атқарды.
Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 27 ақпандағы шешімімен «Алматы қаласын даму орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары — Басқарма мүшесі болып тағайындалды.
