Директорлар кеңесінің төрағасы

Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы – Алматы қаласының әкімі

Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институты саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 1992 жылдан 1998 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеді. 1998-2002 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет еткен. 2002 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстанның Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, 2004 жылдан 2007 жылға дейін Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік төрағасы болды. 2007 жылдан 2008 жылға дейін Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы қызметін атқарды. 2008 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар облысының әкімі болды. 2012 жылы - Экономикалық даму және сауда министрі. 2012-2013 жылдар аралығында «Нұр-Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі қызметттерін атқарды. 2014-2016 жылдар аралығында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болды.2016 жылы Бақытжан Сағынтаев Премьер-Министр болып тағайындалды, бұл лауазымда екі жарым жыл қызмет атқарды. Бұдан кейін Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарды. 2019 жылғы 28 маусымнан бастап Алматы қаласының әкімі.

2019 жылғы 26 шілдеде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Директорлар кеңесінің мүшелері

Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы - Алматы қаласы әкімінің орынбасары

1996 жылдан мемлекеттік қызметте. ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болған. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы ОКҚ директоры болды. Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің жауапты хатшысы, вице-министрі қызметтерін атқарған. Соңғы жұмыс орны ҚР Президентінің кеңесшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі. 2019 жылғы 9 шілдеден бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары. Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қоғамдық даму, білім, мәдениет, спорт, қоғамдық денсаулық, қаланың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мәселелерге жетекшілік етеді.

2019 жылғы 26 шілдеде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Өсеров Ілияс Ерікұлы – Алматы қаласы әкімінің орынбасары

2017 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы қызметін атқарды. Бұрын Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болған. Еңбек жолын «Сбербанк» АҚ ЕБ несие әкімшілігі бөлімінде бастаған. ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды. ҚР Бас прокуратурасы жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болған. 2019 жылғы  27 мамырдан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары. Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымында стратегия және бюджет, мемлекеттік активтер, туристік қызмет, цифрландыру саласындағы мәселелерге жетекшілік етеді.

2019 жылғы 28 мамырда «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Ізтелеуов Санжар Бейсенбайұлы - «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы

1992 - 2001 жылдар аралығында коммерциялық және халықаралық ұйымдарда түрлі қызметтер атқарды. 2003 - 2005 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономикалық саясат және индикативті жоспарлау департаменті макроэкономикалық болжау басқармасының басшысы болды. 2005 - 2006 жылдары - «ҚазТрансГаз Дистрибьюшн» АҚ Келісімшарттық мониторинг және клиринг департаменті директорының орынбасары. 2006 жылдан бастап - «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарушы директоры - инфрақұрылымдық жобалар дирекциясының басшысы. 2011 - 2012 жылдары - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2013 жылдың шілдесінен бастап «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылдың мамырында басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, 2015 жылдың қаңтары мен 2017 жылдың сәуірі аралығында  басқарма төрағасы болды. 2017 жылдың қазанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін ««Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды, стратегиялық даму, инвестиция және жобаларды басқару, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп мәселелеріне жетекшілік етті. 2019 жылғы 31 шілдеде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

2019 жылғы 31 шілдеде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Ли Владислав Сединович – Мәслихат депутаты (тәуелсіз директор)

1995 жылдың тамызынан 1997 жылдың шілдесіне дейін ҚазкредәлеуметбанктіңБасқарма Төрағасы болды. 1997 жылдың тамызынан 1998 жылдың маусымына дейін «Тұрғын үй құрылыс банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары қызметін атқарды. «Тұрғын үй құрылыс банкі» ЖАҚ-мен біріккеннен кейін 1998 жылдың маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқарма төрағасы болып келеді.

2016 жылғы 4 шілдеде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Нәбиев Әміржан Әміржанұлы – Мәслихат депутаты (тәуелсіз директор)

1996–1999 жылдар аралығында «Айхан» ЖШС өнеркәсіптік компаниясында коммерциялық директор қызметін атқарды. 1999 жылы еңбек жолын Ақтау қаласындағы Орта машина жасау жөндеу-механикалық зауытында («АМЗ» АҚ) маркетинг және басқару департаментінің директоры қызметінде жалғастырды. 2001 жылдан 2002 жылға дейін «Азия плюс С» ЖШС құрылыс компаниясын басқарды. 2002 жылдан бастап «Атрикс-Строй» ЖШС жобалау-құрылыс компаниясының бірінші басшысы және иесі. 2009 жылдан 2010 жылға дейін «Алматыжылукоммунэнерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды.

2017 жылғы 16 ақпанда «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Пайдалы сілтемелер