photo5262674933492854121

Алматы қаласы әкімдігінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында жасыл қорды дамыту перспективалары туралы айтты. Сондай-ақ баспасөз мәслихатына «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Батыр Әлімжанов пен Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығының президенті Татьяна Антоненко қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 28 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі құжатқа қол қойды. Алматы әкімдігі жаңа 28 құзіретті енгізуге бастама жасады, оның ішінде жасыл экономиканы дамытуға назар аударылды.

photo5262497697372417226

Алматы әкімдігінің жаңа құзыреттерінің бірі - Алматы қаласының жасыл желегін күтіп ұстау мен қорғаудың жеке ережесін әзірлеу мен бекіту мүмкіндігі.

Жаңа ережелерді әзірлеу мегаполистің жасыл қорын дамыту жөніндегі жұмыс тиімділігін арттырады. Атап айтқанда, бұрыннан бар проблемаларды шешу тетіктері енгізіледі. Олар – стандарттар, регламенттер, нұсқаулар, әдістемелік тұжырымдамалар. Бұлардың барлығы елдімекендердің аумағында өсетін жасыл желекті күтіп ұстау және қорғау, рұқсат құжаттары болмаса да, ағаш кесуге жол бергендерге қайта ағаш отырғызу нормаларын реттейтін болады.

photo5262674933492854120

Е. Сейтеновтың айтуынша, ағаштарды заңсыз кесу кезінде жасыл қорға келтірілген залалды есептеу әдістемесі болмады, жасарту, кронды қалыптастыру, жасыл желектерді санитарлық кесу үшін рұқсат алудың талап етілмеуі бұл жұмыстармен нақты тәжірибесі жоқ адамдардың айналысуына әкеліп соқтырды. Салдарынан осының барлығы жасыл желектердің түрі мен жай-күйінің нашарлауына алып келді.

Жасыл желекті ұстау мен қорғаудың жаңа ережелеріне оларды жасарту, санитарлық кесу, жасыл желекті күтіп баптау жөніндегі технологиялық нұсқаулар, заңсыз кескені, жасыл желекке залал келтіргені үшін жауапкершілікке тарту, қаланың жасыл қорын қорғау нормалары енеді.

Е. Сейтенов жаңа ережелерді әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылғанын, оның құрамына сарапшылар қоғамдастығының, жұртшылықтың және ғылым өкілдерінің енгенін айтты. Қазір ереже жобасы 90%-ке дайын.

Жаңа ережелердің жобасына бірқатар жаңа нормалар енген. Олардың негізгілері:

1. Ағаштарды санитарлық кесу, жасарту Алматы әкімдігінің келісімімен ғана жүргізіледі;

2. Әкімдіктің рұқсатымен санитарлық жолмен немесе әдейі кесілген ағаштардың орнына жасыл желектер қайта отырғызылады, магистральды көшелердің бойына діңгегі 20-25 см болатын жапырақты ағаш түрлері отырғызылады, қылқан жапырақты ағаштардың биіктігі кемдегенде 2,5 метр (І немесе ІІ сыныпты сапа) болуы тиіс;

3. Жұлынған ағаш шығынын өтеудің әдістемесі жасалды, соның арқасында келтірілген залалдың нақты құны анықталады;

4. Ағаш апатты жағдайда жұлынса, оның орнына отырғызылатыны – 1-ге 1, мәжбүрлі отырғызылатыны – 1-нің орнына 10, заңсыз жұлынғаны үшін – 1-нің орнына 100;

5. Жасыл желектердің кепілдік мерзімі – 3 жыл;

6. Ортақ пайдаланудағы жерлерде жасыл желекбар аумақтарды күтіп ұстау жөніндегі бағдарламаәкімшілері жыл сайын ерте көктемде, көктемгі-жазғы, жазғы және жазғы-күзгі кезеңде кемінде 4 рет жасыл желекті зиянкестер мен аурулардан сауықтыру және қорғауіс-шараларын ұйымдастырып, өткізеді.

photo5262497697372417225

Ережежобасы кеңінен талқылау үшін ашық көздерде жарияланады, оның ішінде Алматы қаласыжасыл экономика басқармасының ресми сайтында. Ниет білдірушілердің барлығы жасыл қорды жақсарту жөніндегі ұсыныстарын жібере алады.

«Жасыл желекті күтіп ұстау және қорғау жөніндегі жаңа ереже «Атамекен» ҰКП-мен және басқа да мүдделі органдармен, ұйымдармен келісілген соң,бекіту үшін Алматы қаласының маслихатына ұсынылады», - деп түйіндеді Е. Сейтенов.

WhatsApp Image 2020 01 17 at 15.21.05

Кез келген ағашты кесу әкімдіктің рұқсатымен жүзеге асады. Тіпті ауырып тұрған жасыл желекке тиісуге құқығыңыз жоқ. Жасыл экономикаға қатысты заңның қатаңдатылғаны қуантады, дейді эколог мамандар. Бұл «Алматы қаласының мәртебесі туралы» заңға енген өзгерістер. Құжатта ағаш отырғызудың стандарттары және нұсқаулықтары көрсетілген. Қалалық «Nur Otan»партиясының филиалында әкім Бақытжан Сағынтаев ұсынған заңды жауаптылар кеңінен түсіндірді. Олардың айтуынша, құжат заман талабына сай етіп жасалған.

«Басқа басқармаларға қарағанда біздің тарапымыздан бір норма енгізілген болатын. Соның өзі бізді қуантады. Біз енді жасыл желекті қорғауда өзіміздің ережемізді орнатуға мүмкіндік алдық. Қазір жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына белсенді қоғам мүшелері, дендролог және ғалымдар кірген. Өздеріңіз білесіздер, ескі ереже 10 бет болған еді. Қазір жаңа ереже 110 беттен тұрады. Яғни, жасыл экономикаға қатысты барлық мәселелер қамтылған», - деді қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов.

Келелі кездесуде қаланың архитектуралық келбеті де сөз болды. Тұрғын үйлердің қасбеті бірдей болмақ. Сонымен қатар шеткі аудандар мен қаланың ортасы қатар дамиды. «Алматы қаласының мәртебесі туралы»заңаясында ақылды бағдаршамдар да орнатылмақ. Смарт құрылғылар кептелісті өздері анықтап, автоматты түрде жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде, жол апатының санын азайтуға септігін тигізеді, дейді бастамашылар. Жиын барысында ақылы автотұрақ тақырыбы да сөз болды. Жауаптылардың айтуынша, сараланған тариф орнатылмақ. Аталған мәселе талқылануда. Жаңа құжатта кәсіпкерлердің жұмысын оңтайландыратын бөлімдер қарастырылған.

«Біз қазір жазғы сауда орындарына қатысты жаңа ереже дайындап жатырмыз. Шетелдік тәжірибе назарға алына отырып әзірленуде. 2017 жылы қалада 2 мыңнан аса заңсыз сауда орны анықталды. Олар жеке меншік және мемлекеттің жерінде тұрғызылған. Біз осы екі жылдың ішінде жабайы сауда орындарын жойдық. Қазір кәсіпкерлер палатасымен ақылдасып, жаңа талаптар мен стандарттар орнатып жатырмыз. Ақпан айына дейін қоғам талқылауына ұсынамыз», - деді қалалық Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сағындықов.

Ақпарат көзі: Almaty.tv

13 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Серік Сейдуманов пен Ольга Шишигина жұмыс сапары аясында Алматы қаласын дамыту орталығына (Орталық) келді.

observe1.jpg

Орталықтың Басқарма төрағасы Санжар Ізтелеуов Алматы қаласы Ситуациялық орталығының жұмысы туралы айтып берді. Ситуациялық орталықта қалалық және республикалық жүйелерді ықпалдастыру Алматының 1,2 мыңнан астам даму индикаторына талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Оның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қауіпсіздік, төтенше жағдайлар, азаматтардың өтініштері, бюджеттің орындалуы, жобалық басқару және т. б. Орталық басшысы «Oңaй жолақысын есептеу және төлеу жүйесі», «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» және т. б. модульдерді таныстырды. Делегация мүшелері «Балабақшалар мен мектептер бойынша ақпарат» модуліне ерекше назар аударды. Ол аталған мекемелердің жоспарлы және нақты жүктелуіне, сондай-ақ орын тапшылығы мен профицитіне мониторинг жасауға мүмкіндік береді.

Aliya_2.jpg

Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауында (Алматы қаласы тұрғындарының өтініштерін қабылдау және өңдеу бойынша Орталық жобасы) Алматы қаласын дамыту орталығының Басқарушы директоры Әлия Жақсалықова Open Almaty қызметі мен жұмыс істеу механизмі туралы айтып берді.

Ол атап өткендей, жоба 2017 жылы іске қосылған, өтініштер телефон, open-almaty.kz порталы, әлеуметтік желілер арқылы және фронт-офисте қабылданады. Барлық өтініштер бірыңғай ақпараттық жүйеде тіркеледі, жауаптардың сапалы және дер кезінде берілуі бақыланады. 2019 жылы Open Almaty-ға 140 мыңға жуық өтініш түсті. Тұрғындар көбіне байланыс орталығы (55%) және әлеуметтік желілер (24) арқылы өтініш жолдайды.

Aliya_3.jpg

Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар Алматы қаласын дамыту жөнінде өз ұсыныстарын айтты. С. Сейдумановтың пікірінше, Алматы туристік және тарихи қалаға айналуы тиіс, бірақ ол үшін инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру қажет.

all.jpg

Осы орайда С. Ізтелеуов Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Urban Conference 2019 барысында «Алматы-2050» даму стратегиясын таныстыра келе «Алматы-2025» даму бағдарламасын, қаланы дамытудың шеберлік жоспары тұжырымдамасын және қаланың жаңа бас жоспарын әзірлеуді тапсырғанын еске салды. Сонымен қатар Алматының барлық сегіз ауданы үш жылдық даму шеберлік жоспарын әзірлеуі тиіс. Осылайша, қала бюджеті «Менің аулам», «Менің көшем», «Менің ауданым» сияқты мақсатты бағдарламалар бойынша қалыптастырылатын болады.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингіде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Ізтелеуов қала әкімдігінің құзыретін кеңейтуге қатысты қабылданған заңнамалық өзгерістер туралы айтып берді.

WhatsApp_Image_2020-01-09_at_13.10.35.jpeg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында Үкіметке еліміздің ең ірі үш қаласы әкімдіктерінің құзыретін, оның ішінде қала құрылысы саясатында, көлік инфрақұрылымы мен сәулет келбетін қалыптастыруда кеңейту туралы тапсырма берілген еді. Осылайша, 2019 жылғы 28 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойды.

Жалпы Алматы әкімдігі сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары салаларын реттеуді жетілдіру, жасыл қорды сақтау, шағын және орта бизнесті дамыту, коммуналдық меншікті басқару, көлік, әлеуметтік мсәелелер бойынша 28 ұсыныс енгізді.

WhatsApp_Image_2020-01-09_at_13.10.36.jpeg

Мұхит Әзірбаев сәулет және қала құрылысы салаларының басты мүмкіндіктері туралы айта келе: «Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша Алматы қаласын дамыту мен құрылыс жүргізудің бас жоспарын, Алматының қала маңындағы аумағына жататын аймақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасын жүзеге асыратын субъектілердің қызметін үйлестіруге мүмкіндік беретін құзырет пайда болды», — деп атап өтті.

Айта кетерлігі, бұрын қала мен оның айналасындағы аймақтарды бірдей дамыту заң жүзінде қарастырылмаған еді. Ал енді заңнамалық өзгерістер қала және қала маңы тұрғындарының мүддесі мен талаптарын ескере отырып, аумақты дамытуда теңсіздік пен үйлесімсіздікті жоюға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, әкімдіктің құзыретін кеңейту қала құрылысы үшін игерілген қала маңындағы аумақтарда әлеуметтік, тұрғын үй, көлік, инженерлік және басқа инфрақұрылым салаларын дамытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Әкім орынбасары өз сөзінде Алматы облысы әкімдігімен бірге Алматы агломерациясын 2030 жылға дейін дамытудың Өңіраралық жоспары әзірленгенін айтты. Құжатта өсіп келе жатқан халықты тұрғын үймен, әлеуметтік қызметпен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, қаланы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, жаңа туристік нысандар ашу және бұрыннан барын дамыту, экология мәселелері сынды нақты жобалар көрініс тапқан.

WhatsApp_Image_2020-01-09_at_13.56.08.jpeg

Мұхит Әзірбаев биыл қала мен облыс аумағының Үлкен Алматы айналма автокөлік жолына дейінгі нақты жоспарын бірігіп әзірлеу қолға алынатынын, соның арқасында тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың нақты орындары және олардың саны анықталатынын, сәйкесінше қажетті инженерлік және көлік жүктемесі есептелетінін айтты.

Тағы бір құзырет – республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сәулет келбеті мен қала құрылысын жоспарлауды қалыптастырудың ережесін жасауда өкілетті органның келісімін алу және бекіту.

«Алматы – мыңжылдық тарихы әрі жеке бизнес пен капиталы, өзіндік тарихи сәулет келбеті бар қала, студенттер мен мәдениеттің қаласы. Сондықтан аталған құзырет қалалықтардың ұсыныстарын, тарихи, мәдени және заманауи ерекшеліктерді ескере отырып жеке заңнамалық құжаттарды талап ететін әрі қала құрылысын реттейтін басты бағыттардың біріне жатады», — деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Осыған байланысты «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға қала кеңістігін безендіру мен құрылыс жүргізуді регламенттеу, сонымен қатар ғимараттардың сәулет келбетін сақтау бойынша қала үшін жеке ережелер мен талаптарды жасауға әрі бекітуге мүмкіндік беретін норма енгізілген.

Абаттандыру, жасылдандыру, жарықтандыру элементтері жинақталады әрі стандарт жасалды, ол бойынша қаланың сәулет сәйкестігін қалыптастыру мен сақтау сәулет және қала құрылыс қызметін (дизайн-код) жүзеге асыруда теңсіздік пен бейберекеттікке жол бермейді.

«Жаңа ережелерге сәйкес қала әкімдігі жаңа нысандарда тек балабақшалар мен мектептердің, шағынмаркеттер мен сұлулық салондарының ғана емес, сонымен қатар қосымша білім беру объектілерінің, спорт секцияларының, медициналық амбулаториялардың, тұрмыстық қызмет нысандарының болуын да талап ететін болады. Бұл халыққа тұрғылықты жеріне жақын маңда белгілі бір қызмет түрлерін алуға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді Мұхит Әзірбаев.

Сөз соңында әкім орынбасары заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар негізгі құзыреттіліктермен қатар көлік саласын дамыту, жұмыспен қамту саясаты, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша әкімдіктің мүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті. Барлық жаңашылдықтар қаланы дамытуға, сапалы қалалық ортаны құруға, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға, бизнесті дамытуға бағытталады.

Өз кезегінде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Ізтелеуов жоспарланған барлық өзгерістер қоғам және іскерлік орта өкілдерімен, соның ішінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен талқыланатынын хабарлады.

22 11 19 2050

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында «Алматы-2050» даму стратегиясы (әрі қарай – Стратегия) туралы брифинг өтті. Стратегия жобасы көпшіліктің талқылауына осы жылдың 21 қарашасында ұсынылды.

Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қаиров қаланың стратегиялық дамуының жеті басымдығы көрсетілген құжат жобасының қалай жасалғанын түсіндірді.

Қоғамдық сарапшылардың қатысуымен 23-31 қазан аралығында Алматы қаласын дамыту орталығы алаңында өткен жұмыс сессиялары барысында қала алдында тұрған 11 сын-тегеуріні анықталды.

«Стратегияны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына әкімдіктің барлық басқармаларының, «Қала құрылысы жобасы орталығы» ЖШС, «Алматыбасжоспар ҒЗИ» ЖШС, сонымен қатар «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ қызметкерлері кірді. Стратегия жобасын әзірлеуге Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасы, Алматы қаласын дамыту орталығы, Hatch халықаралық компаниясының мамандары, қоғамдық сарапшылар, Қоғамдық және Іскерлік кеңестердің мүшелері қатысты», - деп атап өтті Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қаиров.

Шетсіз қала – барлық аудандарда өмір сүрудің жоғары стандарттары, көпорталықты жоспарлау және қолайлы көлігі бар мегаполис. Алматы агломерациясының ядросы ретінде қала Алматы облысының қала маңындағы аудандарымен тығыз байланыста дамитын болады. Дамудың көпорталықты моделі қаланың жоғарғы және төменгі, орталығы пен шетіндегі алшақтықты жоюға мүмкіндік береді.

«Ақылды» қала – үздік смарт-тәжірибелерді қолданатын мегаполис. Қаланы жоспарлаудың сапасын арттыру «ақылды» қала технологияларын қолдану арқылы оңтайлы шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін ашықтық және мәліметтерге қолжетімділік есебінен қамтамасыз етіледі.

Тең мүмкіндіктер қаласы – тең мүмкіндіктері бар инклюзивті-адами орта қаласы. Толық ашықтық және атаулы әлеуметтік көмек қамтамасыз етіледі. Оны алу уақыты қысқарады. «Кедергісіз» орта құрылады – «барлығы үшін мобилділік» қағидасы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға қала инфрақұрылымы толық қолжетімді болады.

Қауіпсіз қала – қылмыс және төтенше жағдай қаупінің деңгейі төмен қала. Қашықтан мониторинг жүргізу және хабарлау жүйесінің озық цифрлы инфрақұрылымы жасалады. Ол қылмыс деңгейін төмендетіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруды және төтенше жағдайдың алдын алуды қамтамасыз етеді.

Жоғары стандартты экология, қоршаған табиғи орта мен қала интеграциясы бар жасыл қала. Қаланың «жасыл жүйесі» құрылады. Ол қаланың экожүйесін біріктіреді мен биоалуантүрлілікті қолдайтын болады. Таулар шексіз рекреационалдық жүктемеден және құрылыстан қорғалады.

Жаһандық іскерлік орталық – экономикалық белсенді инновациялық қала, Жаңа Жібек жолы орталығындағы көлік-логистикалық хаб. Инвестицияны, технологияны және таланттарды тартатын орталық. Сапалы адами капиталдың интеллектуалды-креативті мүмкіндіктері қаланы дамытудың сарқылмайтын ресурстары болады.

Мәдени креативті қала – мода мен стандарттарды қалыптастыратын білімнің, тұрмыстың және бұқаралық мәдениеттің жоғары деңгейі бар заманауи қала. Мәдени инфрақұрылым қолжетімділігіндегі тексіздікті жою мақсатында салауатты қоғам негізінде мәдениет саласы модернизацияланады.

Бұл бағыттар қаланың даму көрінісін қалыптастырды. Бұл жұмыс істеуге және өмір сүруге тартымды жаһандық қала, Орталық Азияның зияткерлік және мәдени астанасы.

Сапалы қала ортасын құру, адами капиталды дамыту, жоғарытиімді экономика, сонымен қатар қаланы тиімді басқару қаланы тұрақты дамытудың стратегиялық басты бағыттары болып табылады.

Стратегия жобасы қоғамдық талқылау және ұсыныс пен пікір білдіру үшін Almaty-2050.kz сайтында жарияланды. Сайт жұмыс істеген алғашқы тәулікте оған 6,8 мың адам кіріп, 200-ден астам ұсыныс пен пікір қалдырылған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнестің өркендеуіне жағдай жасау, сондай-ақ, экологияны қорғау әкімдердің жұмысындағы негізгі көрсеткіш екенін айтты.

4

– Алматының атқарар рөлі өте маңызды. Қалада басқа өңірлерге үлгі болатындай көп жұмыс атқарылып жатыр. Дегенмен, қаланы әрі қарай дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту – күн тәртібінен түспейтін міндет екенін ұмытпағанымыз жөн, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік астананы дамытудың бірқатар нақты міндеттерін атап өтті.

Президент бизнес пен инновацияны дамыту есебінен қала экономикасының жоғары өсімін қамтамасыз етудің маңыздылығын басты міндет ретінде айтты. Аталған бағыт бойынша қаладағы атқарылған жұмыстарға тоқталған Мемлекет басшысы қаланың индустриялық аймағында 33 компания тіркелгенін және 156 миллиард теңгеден астам инвестиция салынғанын мысалға келтірді. Сонымен қатар Президент аталған аймақ құрылған 7 жыл ішінде небары 6 жаңа кәсіпорын іске қосылғанын, биыл тек 1 шағын зауыт қана жұмыс істей бастағанына назар аударды.

Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкіміне индустриялық аймаққа, әсіресе, жоғары технологиялық және экспортқа бейімделген жаңа жобалар тартуға кеңес берді.  

Мемлекет басшысы инновацияны дамытудың және тың жобаларды енгізудің маңыздылығына тоқталып, қалада жетекші университеттер шоғырланғанын және ғылыми әрі кадрлық әлеуеті жақсы екенін атап өтті. Бұл ретте ол осы салада маңызды әзірлемелердің жоғына назар аударып, Алматыдағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтың әлеуетін пайдалануды тапсырды.  

1

Қазақстан Президенті қаладағы бизнес ахуалды жақсарту және оның инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмыстарды жандандыруды тапсырды. 

– Егер біз еліміздегі ірі қалалардың, жалпы еліміздің инвестициялық және туристік тартымдылығын шынымен арттырғымыз келсе, жуық арада шетелдіктерді көші-қон полициясы органдарында міндетті тіркеу сияқты анахронизмнен құтылу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Баяндамада шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін проблемаларды шешудің маңыздылығын атап өтті.
– Кәсіпкерлерге жүргізілген сауалнама нәтижесінде көптеген көрсеткіштер бойынша қала жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігі, сыбайлас жемқорлықтың таралуы, тексерулердің негізділігі жөнінен артта қалып келеді. Шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсету, түрлі кедергілерді алып тастау міндеті қала әкімдігінің мойнында қала береді. Алматы еліміздің басты іскерлік орталығы мәртебесін сақтауы тиіс, – деді Президент.

Мемлекет басшысы тамақ өнімдеріне, ең алдымен, нан мен ет өнімдеріне қымбаттауына жол бермеу керектігін айтты.

– Азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуі біздің экономикамыздың осалдығының айқын көрсеткіші болып табылатынын мойындау керек. Мысалы, сыртқы нарықтарда конъюнктураның нашарлауына сілтеме жасау мүлдем орынсыз. Үкімет экономика өсімінің жаңа тетіктерін құру үшін қосымша шаралар әзірледі. Бұл шараларды мен арнайы кеңесте мақұлдадым. Оларды шұғыл түрде жүзеге асыру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент келесі бір маңызды міндет ретінде қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын айтты. Ол жұмыссыздық проблемасын, медициналық қызмет көрсету ісін жақсарту қажеттігін, сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығын ерекше атап көрсетті.

Өмір сапасын арттыру мен қаланың инфрақұрылымын дамыту ісін қамтамасыз ету мәселелері де Мемлекет басшысының назарынан тыс қалмады.

– Біз Алматыны халықаралық бизнес және туризм орталығы ретінде көрсетеміз. Сондықтан қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі барлық жұмыс халықаралық стандарттарға сай бейімделуі тиіс. Ең бастысы, азаматтарға қалада өмір сүру қолайлы әрі жайлы болуы керек. Бұған үйге баратын жолдың болуы, әлеуметтік инфрақұрылымның жақын әрі қолжетімділігі, сапалы ауызсумен, газбен, үздіксіз электр қуатымен және жылумен қамтамасыз етілуі сияқты бірқатар факторлар әсер етеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент көшелерді жарықтандыру, аулалардың жағдайын жақсарту, арық жүйесінің жұмысын реттеу жөніндегі проблемаларды шешу үшін қала әкімдігіне тапсырма берді.

Мемлекет басшысы қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға байланысты жетістіктерін атап өтіп, осы саладағы бірқатар мәселелерге назар аударды. 

– Күн сайын Қаскелең, Қапшағай, Талғар жағынан және Құлжа күре жолы арқылы қалаға 200 мыңнан астам автомобиль келеді. Бұл Алматыда, әсіресе таңертең және кешкі уақыттарда кептеліс жасайды. Бұл проблеманы автожолдарды қайта салу және кеңейту арқылы ғана емес,  сондай-ақ, метро желілерінің санын арттыру және қала мен іргелес аудандарды қосатын қоғамдық көлікті дамыту арқылы шешу қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

2

Президент Алматының сейсмологиялық тұрғыдан белсенді аймақта орналасқанын айтты.

– Қала тұрғындары соңғы селді жақсы біледі. Бұл – халықты алаңдатып отырған мәселе. Қалада сел қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете отырып, «Ақсай» және «Аюсай» шатқалдарында бөгеттер салу жұмысын бастау қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Кеңес барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың экологиялық ахуалы мен ауаның сапасына баса мән берді. Ол қоғамдық көліктерді газға және басқа да жанармайдың экологиялық түрлеріне көшіру ісін аяқтауды, қаланың жеке секторларын және қала маңы аймағын газдандыруды  жүзеге асыруды, ағаштарды, алма бақтарын заңсыз отау мәселесіне бақылау орнатуды, сондай-ақ, қаланы көгалдандыру және Алматы апортын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Президент өз сөзінде Көк Жайлау тау шаңғысы курортын салу мәселесіне нүкте қойды.

– Бұл мәселеге қайта-қайта оралмау үшін осы жобамен айналысуға тыйым саламын. Оның үстіне барлық кәсіби экологтар да оған қарсы шығуда, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистің туристік әлеуеті туралы айта келіп, туристік өнімдерді өте жоғары деңгейде дамыту үшін Алматының әлеуеті зор екенін атап өтті. Бұл тау, мәдени, этнографиялық туризм сияқты, іскерлік туризмге де қатысты. Президент 2025 жылға дейінгі туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасында Алматы өңірінің тау кластері басым бағыт болып белгіленгенін айтты.

– Үкімет пен қала әкімдігіне таулы аймақтардың жоспарын жүзеге асыру ісін бастауды тапсырамын. Бұл жоба 2 миллиард доллардан астам инвестиция тартып, кемінде 30 мың жұмыс орнын аша алады. Бұл ретте барлық шешімдер халықтың пікірін ескере отырып қабылдануы қажет екеніне назар аударамын, – деді Президент.

Мемлекет басшысы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне де тоқталды.

– Өкінішке қарай, Алматы қылмыс деңгейі бойынша елімізде бірінші орында тұр. Бұл жерде ұсақ құқық бұзушылықтар – ұрлық пен бұзақылықтың үлесі басым. Олардың көптігі соншалық, қала тұрғындары бұл жағдайды қылмыс жайлап алғандай қабылдайды. Бұл – қала тұрғындарын толғандыратын басты мәселелердің бірі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент сөзінің соңында Алматы қаласы Елбасының көрсеткен қолдауының арқасында дамудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізгенін атап өтіп, алға қойылған мақсаттарға жету үшін күш жұмылдыруға шақырды.

Сонымен қатар кеңесте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Президенттің көмекшісі Аида Балаева, сондай-ақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов сөз сөйледі. 

Ақпарат көзі: akorda.kz

Алматының қоғамдық қабылдауына қала тұрғындары абаттандыру, қоғамдық көлік және жолдар, инженерлік желілер, ТҮКШ мәселелері бойынша жиі өтініш түсіреді.

Алматы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауы 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасауда. Жоба Smart Almaty концепциясын жүзеге асырудың бір бөлігі болып табылады және оның құрамына фронт-офис, қалалық ақпараттық портал және байланыс орталығы енген.

32

«Бір терезе» қағидасы бойынша әрбір қалалық Open Almaty-дағы аудандық әкімдіктер, әлеуметтік әл-ауқат, тұрғын үй саясаты, жасыл экономика, қалалық жоспарлау және урбанистика, қала құрылысын бақылау, жер қатынастары, қалалық мобильділік басқармалары, ТЖД, ПД, соттан тыс татуластыру Орталығы, «Атамекен» ҰКП, «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі», коммуналдық кәсіпорындар өкілдерінен кеңес алуына болады.

Барлық өтініштер бірыңғай ақпараттық жүйеге тіркеледі. Аудандар әкімдіктерінің, басқармалардың, коммуналдық қызметтердің орындаушылары ұсынатын жауаптардың сапасы мен уақтылы берілуін Open Almaty-дың инспекторлары бақылайды. Қала басшылығына апта сайын өтініштер бойынша статистика беріледі.

Open Almaty-да 2019 жылдың 9 айы ішінде қалалықтардың 106,2 мың өтініштері тіркелген. Олардың 62,9 мыңы немесе 59 пайызы байланыс орталығы; 19,6 мыңы немесе 18%-ы әлеуметтік желілер арқылы түскен; 17,3 мыңы немесе 16%-ы Open Almaty фронт-офисіне жеке келіп берілген; 6,4 мыңы немесе 6%-ы портал арқылы түскен.

2019 жылдың шілде–қыркүйек айлары аралығында Open Almaty-да 42,9 мың өтініш тіркелген, бұл 2018 жылдың (26,2 мың.) осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 60%-ға көп.

Ағымдағы жылдың III тоқсанында түскен өтініштер бойынша қалалықтар үшін мына мәселелер өзекті болған, олар: қаланы абаттандыру — 6,3 мың (оның ішінде қала объектілерін, ауаларды ұстау, ТҚҚ шығару, ағашты санитарлық кесу, арықтарды тазалау); көлік пен жолдар шағымы — 3,6 мың (автобустар қозғалысы, жол, жаяу жүргінші жолы құрылысы, бағдаршам орнату); инженерлік желілер және ТКШ мәселелері — 1,8 мың (сумен қамту және бөлу, жылу желісі, газбен қамту, электроэнергиясы); тұрғын үй жән ПИК (лифтер, ПИК-тердің қызметі) — 1,2 мың және білім (орта білім, балалар бақшалары, колледждер) — 699 өтініш.

Open Almaty фронт-офисі (26,2 мың) Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында (Абай даңғылы, 90) орналасқан, ауданда жақсы көлік инфрақұрылымы (автобустар, метро) қалыптасқан. Жеке келуден өзге Open Almaty-ға әлеуметтік желілер (Facebook, Instagram, Twitter), веб-портал http://open-almaty.kz  және байланыс орталығы 1308 (ұялы телефоннан тегін), 338 33 88 нөмірі арқылы өтініштер жіберуге болады.

IT-әзірлеушілердің үш командасы Алматы қаласы әкімінің жүлделері үшін AlmatySmartCityChallenge алғашқы қалалық хакатонының жеңімпазы атанды. Жарысқа қатысуға барлығы 40 команда (140-тан астам қатысушы) өтінім берді.

d7e55fab 173d 4718 a78f 2a3762495e85

Алматыда 5-6 қазанда Q-LABқалалық жобалар зертханасыалаңында Цифрландыру күні және қала әкімінің жүлделері үшін AlmatySmartCityChallengeалғашқы хакатоныөтті. Іс-шараны Алматы қаласын дамыту орталығы қалаәкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараның демеушілері мен серіктестері «Қазақтелеком», KasperskyLabKZ, «Қазтелепорт», KFC, Нardeе's, «Дорожное радио» және т. б. болды.

Қалалық жарыстың қорытындысы бойынша жеңіс 1,5 млн теңге көлемінде бас жүлдені ұтып алған HCK50 (Salem Tourist жобасы) командасына бұйырды. Жүлде қоры 1 млн теңге болатын екінші орынды GGG (Smart bin жобасы) командасы алды, үшінші орын мен 500 мың теңге көлеміндегі соманы Mbionics («Ақылды тұрақ» жобасы) иеленді.

1d9786f2 2b04 483d 9581 53a7615d3e7f

Сонымен қатар, қызықты және креативті идеялары үшін 9 команда іс-шара демеушілерінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Хакатонның барлық қатысушылары атаулы сертификаттар алды.

Алматының ең қызықты орындары туралы ақпарат, көрікті жерлерге қалай және немен жетуге болады, қаланың мәдени және ойын-сауық орындарының рейтингі мен тұрғындар пікірін білу және т.б. - мұндай мүмкіндікті Satbayev University мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) HCK50 бірлескен командасы әзірлеген туристерге арналған «Salem Tourist» мобильді қосымшасы ұсынады. Әзірлеушілердің айтуынша, мобильді қосымша Алматының туристік дестинация ретінде тартымдылығын арттыруға және туристерге жайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

6caf9024 ccda 4a83 9074 ef0fd007c6cc

Толып кететін қоқыс контейнерлері мәселесін толу датчиктерінің көмегімен шешетін «Smart bin» жобасын Suleyman Demirel University студенттері ұсынды. Контейнерде орнатылған арнайы индикатор оның толуын қашықтан қадағалауға, қоқысты шығару логистикасын оңтайландыруға және отынға жұмсалатын шығынды қысқартуға мүмкіндік береді.

«Трафик/кептеліс» бағытында Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU) студенттерінің Mbionics командасы «Ақылды тұрақ» жобасын ұсынды. Ол қаланың қай жерінде көлікті тұраққа қоюға болатынын, қай жерде қойылған автокөліктердің тығыздығы аз екенін түсінуге мүмкіндік береді. Әзірлеушілердің айтуынша, автотұрақтағы бос орындардың жедел мониторингі Алматының көлік құралдарын тұрақ аймақтары бойынша бөлу процесін басқаруға мүмкіндік береді.

E23A7868

Хакатон кезінде қатысушылар қаланы дамытуға бағытталған 30-дан астам жоба әзірледі. Қатысушылар азық-түлік қалдықтарын кәдеге жарату бойынша тарақан фермасы, қоқыс сұрыптайтын биомеханикалық қол, қаланың жасыл желектерін суаруға арналған «ақылды» автоматтандырылған су шашыратқыш, жүргізушілердің бет-әлпетін сәйкестендіре отырып, автомобиль нөмірлерін тану жүйесі, қаладағы қауіпсіздікті талдау, жолдардағы жүктемені төмендету және т. б. жобаларды құрамына «Касперский зертханасы» АҚ, «Қазтелепорт» АҚ, «ИТП» АКФ (Tech Garden), «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Деректерді талдау және өңдеу орталығының өкілдері кірген қазылар алқасының мүшелеріне таныстырды.

Ең инновациялық және креативті шешімдері бар жобалар іске асыруда қаланың қолдауына ие болады. Хакатон - нарық ойыншыларын инновациялық шешімдер жасауға ынталандыруға мүмкіндік беретін IT-саласындағы іс-шаралардың ең танымал форматтарының бірі, сондықтан Алматыда олар жыл сайын өткізілетін болады.

*Іс-шара фотосуреттері @almatyhackathon Telegram-арнасында қолжетімді.

Фото1

Алматы қаласын дамыту орталығы мегаполис әкімдігінің қолдауымен Almaty SmartCity Challenge хакатоны қалалық жарысын бастайды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласын дамыту орталығының өкілдері мәлім етті.

5-6 қазанда Q-Lab қалалық жобалар зертханасында (Абай даңғ.,90) бағдарламалық өнімдерді отандық әзірлеушілер жаңа цифрлық сервистер мен өнімдерді әзірлеу және таныстыру үшін командаларға бірігеді. Идеядан прототипке дейін жүзеге асыру үшін 24 сағат беріледі.

Жеңімпаздар 3 млн теңге көлеміндегі жалпы жүлде қорын бөліседі. Сондай-ақ барлық қатысушылар Алматы қаласының басшылығына және жетекші сарапшыларға жаңа цифрлық сервистер мен өнімдерді таныстыру, Алматы қаласын дамыту орталығының қолдауымен пилоттық жобаларды іске асыру мен енгізуді талқылау мүмкіндігіне ие болады.

Фото2

18 қыркүйектен 03 қазанға дейін командалардан, сондай-ақ командаларға бірігетін жеке қатысушылардан өтінімдер қабылдау жүргізіледі (команданың әрбір мүшесі тіркеуден өтуі тиіс). Тіркеу нысанын толтырғаннан кейін қатысушылардың электрондық мекенжайына растау хат жіберіледі. Q-Lab алаңына кіру бейдждер бойынша жүзеге асырылады.

Хакатонның бірінші күні командалардың құрылуынан, идеялар питчингінен, менторлар және қазылар алқасымен танысудан басталады, олардың құрамында сарапшылар, кәсіпкерлер мен отандық компаниялардың басшылары және басқалары бар. Сондай-ақ қатысушылар экология, трафик және кептеліс, креативті экономика, медицина, қауіпсіздік, қоғамдық көлік, білім және ТКШ тақырыптары бойынша тапсырмалар алады.

Соңғы күні командалар қазылар алқасына өз прототиптерін ұсынады. Хакатонның барлық қатысушылары сертификаттар алады, хакатонның жеңімпаздары әкімнің ақшалай сыйлығына ие болады: бірінші орын - 1,5 млн теңге, екінші орын - 1 млн теңге, үшінші орын алғандар 500 мың теңге алады. Қазылар алқасы мүшелерінің жобаларды бағалау критерийлері - жобаның идеясы, оны іске асыру (макет, интерфейс, функционалдылық), сондай-ақ ілеспе материалдар (презентация, сипаттама, сөз сөйлеу) болып табылады. Негізгі шарт - жоба тікелей хакатонда әзірленіп, қатысушылардың бұған дейінгі жобаларын қайталамайтын және/немесе жалғастырмайтын жаңа идея болуы тиіс.

WhatsApp Image 2019 09 20 at 09.42.47

Almaty SmartCity Challenge-ге қалай қатысуға болады:

1.  @almatyhackathon Instagram, Telegram-арнасында жаңалықтарды бақылау.

2.  03 қазан сағат 23.00 дейін https://hackathon.smartalmaty.kz сайтында жеке тіркеуден өту.

3.  Жеке тіркеуден сәтті өткен жағдайда 2-ден 5 адамға дейін команда құру.

Жалпы сұрақтар бойынша: hackathon@almatydc.kz, +7(727) 224 39 29 (ішкі 116, 126, 125)

Демеушілік мәселелері бойынша: b.shadayev@almatydc.kz

photo5415881244484414166

Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауына мүгедектігі бар адамдардың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері келді.

«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Әлия Жақсалықова Open Almaty-ның қызметі туралы айтып берді. Әкімдіктің қоғамдық қабылдауы 2017 жылы ашылған, өтініштер телефон, сайт, мобильді қосымша, әлеуметтік желілер және фронт-офис арқылы қабылданады. Барлық өтініштер бірыңғай ақпараттық жүйеде тіркеледі, жауаптардың сапалы және дер кезінде берілуі бақыланады. Бүгінде Open Almaty-ға 181 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Байланыс орталығы арқылы 60%, фронт-офис пен портал - 23%, әлеуметтік желілер - 16%.

Кездесу барысында Open Almaty қызметкерлері ҮЕҰ өкілдеріне open-almaty.kz порталы арқылы өтініш беру тәсілін көрсетті.

DSC07535

Сондай-ақ Ә. Жақсалықова «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасының іске қосылғаны туралы айтып өтті. Жобаның мақсаты – қала тұрғындарын мегаполис аудандарының жекелеген учаскелерін дамыту және абаттандыру үшін қаражат бөлуге тарту.

DSC07538

Алматының әр ауданында 2020 жылы қала тұрғындары ұсынған жобаларды іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңгеден қарастырылады. Ұсыныстар budget.open-almaty.kz порталы арқылы қабылданады. Бір автор тек бір өтінім бере алады, бір жобаның ең жоғарғы құны 100 млн теңгеден аспауы тиіс. Жобаларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін сараптама комиссиясы оларды іріктейді. Жеңімпаз жобаларды тұрғындар дауыс беру арқылы анықтайды. Қаланың бір тұрғыны жеке ЭЦҚ пайдалана отырып, үш жобалық ұсынысқа дауыс беруге құқылы.

Пайдалы сілтемелер