cover

British Council (Британдық кеңес), Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) және «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Еуропалық одақтың қаржылық қолдауымен «БізАлматы» үш жылдық жобасын іске қосты.

Жобаның мақсаты -Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын мәдениет, бизнес саласында жүзеге асыруға атсалысу және азаматтық қоғамды дамыту арқылы «белсенді азаматтар қаласын» қалыптастыру.

«БізАлматы» жобасы қоғамдық ұйымдар, билік органдары, жекеменшік сектор мен азаматтық белсенділерарасындағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктің жаңа формасын құруға бағытталған. Жоба қоғамдық ұйымдар мен жергілікті билік органдарының Алматы қаласының экономикасын дамытуға азаматтарды тартужәне әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға қажетті машықтары мен мүмкіндіктері болуы үшін олардың әлеуетін арттыруға септігін тигізеді.

ЖОБА ТӨРТ БӨЛІКТЕН ТҰРАДЫ:

  • жергілікті билік органдары, қоғамдық ұйымдар мен жекеменшік сектордың өкілдеріне арнап форумдар ұйымдастыру арқылы диалог жүргізетін платформа құру;
  • қоғамдық ұйымдар, жергілікті билік органдары, әлеуметтік кәсіпкерлік және креативті индустрия секторының өкілдері үшін семинарлар мен халықаралық таныстыру сапарларын ұйымдастыру арқылы құзырлықты дамыту бағдарламасы;
  • кедейлікті азайту және жергілікті өсу мен дамуды ынталандыруға бағытталған азаматтық жобаларды іске асыру үшін гранттар бөлу;
  • жоба барысында алынған машықтар мен білімді Қазақстанның басқа өңірлерінде тарату.

ЖОБАНЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

Жобаның презентациясын жүктеп алу

«БІЗАЛМАТЫ» ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

«БізАлматы» жобасы шеңберінде Алматыны орнықты дамытуға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобалардың байқауы жарияланды. Идеяңыз болса, өтінім жолдап өз жобаңызды жүзеге асыру үшін грант ұтып алуға мүмкіндік бар! Гранттың ең жоғары мөлшері әр жобаға 5 000 еуро. Жобаны Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігі қаржыландырады.

Толық ақпарат мына жерде

 

Пайдалы сілтемелер