«Алматы қаласын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы жарғылық капиталына 100% мемлекеттің қатысуымен Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы №2/331 қаулысы негізінде құрылды.

Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі №3/759 қаулысына сәйкес «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ келесі функцияларды атқарады:

  • Алматы қаласын тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде шараларды жасау;
  • салалық және аумақтық бағдарламаларды қоса алғанда Алматы қаласының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын консультациялық және консалтингтік сүйемелдеу, олардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу, Алматы қаласы экономикасының дамуын болжау және құрылымын талдау;
  • маркетингтік, ғылыми-қолданбалы және іргелі зерттеулер, қоғамдық пікірді білу бойынша әлеуметтік және өзге де сауалнамалар жүргізу;
  • Алматы қаласының халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін талдау және мониторингілеу;
  • зерттеулер жүргізу, инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру, соның ішінде «Smart Almaty» және әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған өзге де жобалар;
  • Алматы қаласының инновациялық әлеуетін арттыруға қатысты шараларды әзірлеу;
  • урбанистика саласында жобалар мен шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • Алматы қаласының әкімдігі қатысатын ұйымдарда корпоративті басқару қағидаларын енгізуді консультациялық және әдістемелік сүйемелдеу, баға калькуляциясы мен республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын шығындардың негізділігіне талдау жүргізу, Алматы қаласы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына талдау жүргізу, сапасын арттыру, халыққа қызмет көрсету үдерісін оңтайландыру және Алматы қаласы тұрғындарының қанағаттанушылық деңгейін көтеру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамаларына, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларына және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары аясында жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарт жобасына сараптама жүргізу;
  • жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сонымен қатар дамытуға арналған мақсатты трансферттер мен республикалық бюджеттен берілетін несиелер есебінен қаржыландыру жоспарланған жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне экономикалық сараптама жүргізу;
  • заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптама жүргізу;
  • Алматы қаласын тұрақты дамыту үдерістері аясында шаралар, фестивальдар, форумдар, көрмелер, семинарлар, тренингтер, таныстырылымдар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
  • Алматы қаласындағы инновациялық үдерістерді ақпараттық-сараптамалық сүйемелдеу;
  • ақпараттық материалдарды дайындау, басу және тарату;
  • Қоғам қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, заңды және жеке тұлғалармен өзара әрекеттесу;
  • жекелеген мәселелер бойынша Алматы қаласы әкімдігінің мүдделерін білдіру;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тиым салынбаған басқа да қызметтер.

Пайдалы сілтемелер